Жезқазған кенті әкімінің 2015 жылдың қорытындылары туралы есебі

Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұр-Отан» партиясының XVI съезінде ел алдына 5 институционалды реформаны өткізу туралы тапсырма қойды. Сонымен қатар, осы реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам – ұлт Жоспары әзірленді. Елбасы өзінің «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға барар жол» атты 2016 жылдың 6 қаңтарында жарық көрген мақаласында жария еткендей, «2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап бес институционалды реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» атты Ұлт жоспарының орындалуының тәжірибелік кезеңі басталды.

Мемлекеттің қоғамға ашық болуы бесінші реформаның басты мақсаты болып табылады. Бұл – транспарентті және есепті мемлекетті қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыру аясында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы «Әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, барлық жерде кездесулер өткізілуде. Бұл кездесулер өзекті мәселелерді шешуде жауапкершілікті арттыратын тиімді құралдардың бірі, халықпен диалог орны болып табылады.

Жезқазған кенті Сәтбаев қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 7 шақырым қашықтықта орналасқан. Кент құрамына ГРП, Весовая, Крестовский, Перевалка елді мекендері және Сәтбаев ауылы кіреді. Жалпы Жезқазған кенті аумағында бүгінгі таңда 6075 адам тұрады.

 

Кенттің экономика саласы

Жезқазған кентінде және іргелес жатқан елді-мекендерде 45 дүкен, 1 монша, 2 наубайхана, 3 шаштараз, 3 дәріхана және 2 дәмхана жұмыс істейді.

Крестовский елді-мекенінде «Самади-2030»ЖШС-нің базасы орналасқан. Бұнда Жезқазған кентінің тұрғындарының әлеуметтік ұн және ауыл шаруашылығы малдары үшін жем алу мүмкіндігі бар.

Әр айдың соңында әлеуметтік маңызы бар тауарларға мониторинг жүргізіледі. Жыл басынан әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы тұрақты болған. Бірақ, осы уақытта теңгенің құнсыздануына байланысты, тауарлардың, оның ішінде: қант, сұйық май, ұннан шығарылған өнімдер бағасы біршама көтерілді. 2015 жылмен салыстырғанда: қант – 28,7%-ға, ұннан шығарылған өнімдер – 4,8 %-ға, сұйық май — 24%-ға, жұмыртқа – 8,6 %-ға көтерілген.

 

Тұрғын-үй коммуналдық саласы

Елді мекендерді электр жарығымен, сумен, жылумен қамтамасыз ету және абаттандыру күнделікті бақылауда.

Сәтбаев қаласы әкімінің «Сәтбаев қаласы және оған іргелес жатқан елді мекендер аумағында санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандырудың көктемгі екі айлығын өткізу туралы» 2015 жылдың 16 наурызындағы №22 өкімінің және «күзгі екі айлығын өткізу туралы» 2015 жылдың 09 қыркүйегіндегі №66 өкімінің негізінде Жезқазған кентінде жалпы қалалық және жалпы облыстық сенбіліктер, тазалық бейсенбіліктері өткізілді.

2015-2016 жылдарға арналған кестеге сәйкес нысандарды жылу маусымына дайындау жұмыстары жүргізілді.

Барлығы 154 үйдің 112 үйіне «Сәт- Тазалық» ЖШС-гі, 3 үйге «Қажмағамбет Ә.М.» жеке кәсіпкер қызмет көрсетеді. Ал, 39 көпқабатты үйлер тұрғын үй коммуналдық цехының қызметіне жүгінбейді. Жоғарыда көрсетілген 39 үйдің тұрғындарымен жылу маусымына дайындық және жауаптылық жөнінде жиын өткізілді. 39 үйдің қысқа дайындығы барысы да әкімдіктің тарапынан тікелей бақылауға алынып, заңнамалық тұрғыдан түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жезқазған кентінде және іргелес жатқан елді мекендерде қоқыс қалдықтарын шығару және контейнер алаңшаларының маңын жинау жұмыстарын ”Сәт-Тазалық” ЖШС атқарады. Тұрғындар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

Көшелерді жарықтандыру бойынша мемлекеттік тапсырысты өткен жылы «Бизнес Инвест Групп» ЖШС орындады. Қазіргі таңда барлық көшелер жарықтандырылған.

Сәтбаев ауылына ауыз суы қыс мезгілінде 1 рет, жаз мезгілінде 2 рет «Тазалық 2020» ЖШС жеткізеді.

— Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыруға қалалық бюджеттен — 3307,0 мың теңге бөлінді. Бұл жұмыстарды «Тазалық 2020» ЖШС-гі орындады.

-Елді мекендерді санитариямен қамтамасыз етуге қалалық бюджеттен 2440,0 мың теңге бөлінді. Бұл жұмыстарды «Тазалық 2020» ЖШС-гі орындады.

-Елді мекендердегі қысқы және жазғы автокөлік жолдарын күтіп ұстауға қалалық бюджеттен – 6939,0 мың теңге бөлінді. Бұл жұмыстарды «Тазалық 2020» ЖШС-гі орындады.

-Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге қалалық бюджеттен – 1525,0 мың теңге бөлінді. Бұл жұмыстарды «Тазалық 2020» ЖШС-гі орындады.

— Елді-мекен көшелерін жарықтандыруға, шамшырақтарды орнатуға қалалық бюджеттен – 1757,0 мың теңге бөлінді. Бұл жұмыстарды «Бизнес Инвест Групп» ЖШС орындады.

 

Кенттің әлеуметтік саласы

Кенттің әлеуметтік сала инфрақұрылымын № 2 орта мектебі, № 10 орта мектебі, № 12 орта мектебі және Сәтбаев ауылындағы — № 17 бастауыш мектебі, Балалар музыкалық мектебі, Отбасылық кітапхана, № 8 Отбасылық дәрігерлік амбулатория құрайды.

Жезқазған кентіндегі №2 жалпы орта білім беру мектебінде – 282 оқушы, Весовая елді-мекеніндегі № 10 мектепте – 139 оқушы және № 12 мектепте – 283 оқушы, Сәтбаев ауылындағы № 17 мектепте – 8 оқушы білім алады.

Весовая елді-мекенінде № 2 Балалар музыкалық мектебі орналасқан. Онда 207 бала флейта, аккордеон, фортепьяно, домбыра, қобыз үйірмелеріне қатысады.

Сонымен қатар, Весовая елді-мекенінде отбасылық кітапхана орналасқан. Ондағы кітап қоры – 35516. Кітапханадағы қазақ тіліндегі кітаптардың саны – 6876. Балаларға арналған кітап саны – 7194, оның ішінде қазақ тілінде – 1245 кітап.

Жергілікті тұрғындарға медициналық көмекті Сәтбаев қаласы емханасының филиалы жүзеге асырады.

2015 жылы Жезқазған кенті, Весовая, Крестовский және Перевалка елді-мекендерінде тұратын ең төменгі мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге, 1-ші және 2-ші топ мүгедектеріне және бала жастан мүгедек балаларға қоғамдық көлікте тегін жүру үшін, 200 адамға жолда жүру билеттері берілді. Сонымен қатар, 3 отбасы, яғни, 12 адамға – 297,0 мың теңге көлемінде Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді.

 

Ауыл шаруашылық саласы

Кент әкімінің аппараты жылына 2 рет – 1 қаңтарда және 1 шілдеде Жезқазған кентінің және іргелес жатқан елді-мекендердің (Весовая, Крестовский және Перевалка), Сәтбаев ауылының барлық тұрғын-үй қорын әр шаруашылық бойынша есепке алу жұмыстарын жүргізеді.

2015 жылы «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» аясында 2015 жылы Жезқазған кенті бойынша 4 үміткерге өз ісін ұйымдастыруға 3 миллион теңгеден, яғни, ірі қара мал басын көбейту мақсатында жалпы – 12 млн.теңге (он екі миллион теңге) шағын несие берілді. Атап айтсақ, олар Жезқазған кентінің және іргелес жатқан елді-мекендердің тұрғындары: Базылов Самат Абдрахманұлы, Кошигулов Ғалымжан Жунусович, Магзумова Айгерим Муратовна, Күнтуғанова Жанар Күнтуғанқызы.

 

Қоныс аудару бойынша атқарылған жұмыстар.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1505 «Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2017 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қарашадағы №1283 Қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қаулысына сәйкес барлығы 2774 жеке тұрғын үйлер мен пәтер иелері қоныс аударуға жатқызылған.

Жезқазған кенті және іргелес жатқан елді-мекендерді көшірудің 1-ші кезеңіне Жезқазған кентінің оңтүстік бөлігінде және ГРП елді-мекенінде орналасқан 48 жер үй мен 6 пәтерді көшіру жұмыстары жоспарланған. Оның ішінде: 6 пәтер – Сәтбаев қаласы, Комаров көшесі, № 9Б үйге көшірілді. Қалған 48 жер үй үшін 24 екі пәтерлі тұрғын үйлер салынды. Қазіргі таңда, 48 үйдің ішінен 31 үй иеліктен алынды. Қалған 17 үй бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2-ші кезеңге кіретін 844 пәтер мен 261 жер үйдің ішінен 48 үй иеліктен алынды.

1-ші және 2-ші кезеңді 2016 жылы аяқтап, 2017 жылы 3-ші кезеңді бастау көзделіп отыр.

Көшірілетін тұрғындарға арнап, Сәтбаев қаласындағы № 6 ықшам ауданында 9 көп пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйлердің құрылысы басталды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың, жергілікті дамудың барлық мәселелерін шешуге азаматтардың қатысуын кеңейтудің маңызы зор» деген болатын.

Осы «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын» орындау бойынша Жезқазған кенті әкімі аппаратының тарапынан Весовая, Крестовский, Перевалка елді-мекендері екі микроучастокке бөлінді. Әр микроучастоктерден кеміне 50 тұрғындар жиналып, жалпы кент бойынша 7 адамнан тұратын жергілікті қауымдастық құрамына мүшелер сайланды. Бұл мүшелер жергілікті атқарушы органға жергілікті маңызы бар мәселелер бойынша тұрғындардың ұсыныстарын жеткізу жұмыстарын жүргізетін болады.

2015 жылғы Жезқазған кенті тұрғындарының алдындағы есеп беру кездесуінде тұрғындар тарапынан 3 ескерту мен ұсыныстар түскен болатын. Қазіргі таңда барлық мәселелердің шешімі табылды.

2016 жылы Жезқазған кенті және іргелес жатқан Весовая, Крестовский және Перевалка елді мекендерін күтіп ұстауға қалалық бюджеттен келесідей қаражат бөлінді:

-Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыруға қалалық бюджеттен 2645,0 мың теңге;

-Елді мекендерді жарықтандыру, шамшырақтарды күтіп ұстауға қалалық бюджеттен – 865,0 мың теңге;

-Елді мекендерді санитариямен қамтамасыз етуге қалалық бюджеттен – 1952,0 мың теңге;

-Сәтбаев ауылын ауыз сумен қамтамасыз етуге қалалық бюджеттен – 1632,0 мың теңге.

Комментарии закрыты.