Сәтбаев қаласы әкімінің 2015 жылдың қорытындылары және 2016 жылға арналған міндеттер туралы есебі

Құрметті жерлестер!

Тәуелсіз еліміздің тарих қойнауына енген 2015 жыл жасампаз істерге толы тарихи жыл болды.

Бұл жылы елімізде маңызы зор мерейтойлар аталып өтті. Күллі әлемнің дегбірін қашырып шиеленіскен жағдайға тіреген жаһандық дағдарыс салдары Қазақстанды да сырт айналып өтпеді. Әйтсе де, осы қиындықтарға қарамастан біздер алға қарай ұмтылып, жоспарланған межелер мен бағдарламаларды іске асырдық.

Былтырғы жылдың сәуір айында өткен Президент сайлауы –жылдың ең басты оқиғаларының бірі болды. Ел тұрғындары Н.Ә.Назарбаевқа өздерінің абсалютті сенімін білдіріп, жарқын келешектері мен болашақ тағдырларын Елбасының есімімен байланыстыратынын дәлелдеді.

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған жаңа жолдауында Елбасы болашақтың тиянақты бағдарын ұсынды. Өсім, реформалар, даму сынды негізден тұратын Президенттің дағдарысқа қарсы бағытталған стратегиясы біздің мемлекетіміздің экономикасын нығайтып, барлығымызды біріктіретін күшке айналды.

Өткен жылдың қиындықтарына қарамастан қаламызда әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері оң нәтижелер көрсетіп отыр.

Сәтбаев қаласының 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

Сәтбаев қаласының тұрғындар саны 2015 жылдың 1 қазанындағы есеп бойынша 69 мың. 941 адамды құрады (1.10.2014 жыл — 70 179 адам), оның ішінде белсенді тұрғындар саны — 38 мың адам.

2015 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 81,1% орындалды және 13 млрд.599 млн теңгені құрады. Айғақты көлем индексі 159,3% құрады.

Қала бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік нысандары 3007 бірлікті құрады. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың саны 4796 адамды құрады, бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 4,4% жоғары.

2015 жылы шағын кәсіпкерлік бойынша өндіріс өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет) 2014 жылмен салыстырғанда 5,3% артып, 6 млрд. 374млн.теңгені құрады.

Былтырғы жылдың нәтижесі бойынша ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы болжамды өнімі 575,1 млн.теңгені құрады немесе 2014 жылмен салыстырғанда 117,8%. Айғақты көлем индексі 103,2%.

Сондай-ақ, ет өндірісі 6,8% (363,3 тонна), сүт 3,3%(2007 тонна), жұмыртқа өндірісі 9,5% (1 млн.826 мың дана) артып, өсім көрсетті.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2014 жылғы көрсеткіштің деңгейінде қалып отыр — 10 млрд.990 млн. теңгені құрады. Тұрғын үйдің пайдалануға берілу деңгейі де 2014 жылдың көрсеткіш көлемінде және 9 433 шаршы метрді құрады.

Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі өткен жылы 13 млрд. 598 млн.теңгені немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70,8% құрады.

Мемлекеттік және аймақтық бағдарламалардың орындалысы

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қаламыздағы 6-шы ықшам ауданында 600 орындық жалпы білім беру мектебі салынуда, тапсырыс беруші – Қарағанды облысының құрылыс басқармасы. 2015 жылы мектептің құрылысына 200 млн. теңге қаржы бөлініп, іргетасы қаланды. Нысан 2016 жылы пайдалануға беріледі.

«Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 28 маусымындағы №728 Қаулысымен бекітілген «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасына бұған дейінгі жүзеге асырылған «2012-2020 жылдарға арналған шағын қалаларды дамыту», «Ақбұлақ», «Қолжетімді баспана-2020», «2011-2020 жылдарға арналған Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламалары енген.

«Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша 2015 жылы 267 млн. теңге қаржы бөлініп, игерілді:

Абай атындағы №4 мектеп-лицейді күрделі жөндеуден өткізуге 119 млн.теңге қаржы бөлініп, 38 жұмыс орны ашылды.

«Тағзым» мемориалдық кешенін орнатуға 148 млн.теңге бөлініп, 43 жұмыс орны ашылды.

Сондай-ақ, Жезқазған аймағын әлеуметтік-экономикалық дамытудың Кешенді жоспарына сай Жезқазған поселкесінің тұрғындарын көшіру мақсатында 6-шы ықшамаудандағы 9 көпқабатты үйлерді салуға және инженерлік желілерін жүргізуге 2,8 млрд. теңге қаржы бөлінді.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға ықпалдастық жасауға 15,3 млн. теңге бөлініп, бұл қаржы толығымен игерілді. Бұл қаржы бағдарламаға қатысушы кәсіпкерлердің несиелік пайыздарының үстеме ақысын субсидиялау үшін пайдаланылды.

«Ақбұлақ» бағдарламасы

2015 жылы Батыс ауданын дамытудың жоспарын аяқтау үшін «СЕРвИС НС» ЖШС мердігер болып анықталды. Осы жоспар бойынша 91,9 млн. теңге қаржы бөлініп, ұзындығы 5,1 км су құбыры, Дүрментаев, Жанпейісов, Кентаев, Үншібаев, Сарыарқа, Әбдіров, Горняцкая, Оразбаев көшелеріне 3,5 км кәріз құбыры және канализациялық насос станциясының құрылысы салынды.

Бұл бағдарлама бойынша қаламыздағы 66,74 орамдарда кәріз жүйесінің құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленді.

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы

2015 жылдың желтоқсан айында қаламызда Қ.Сәтбаев даңғылы 156 мекенжайындағы 56-пәтерлі 4-қабатты жалдамалы тұрғын үй пайдалануға берілді. Үйдің құрылысы 2014 жылы басталған, жобаның сметалық құны – 294,8 миллион теңгені құрайды. Мердігер — «Sector Stroi» ЖШС.

Қолжетімді тұрғын үй құрылысын дамыту үшін тағы бір жалдамалы 56-пәтерлі және жас отбасыларға арналған 16-пәтерлі тұрғын үйдің және олардың инженерлік желілерінің құрылысын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттар әзір.

2014 жылы басталған Шығыс тұрғын үй ауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуды жалғастыруға 2015 жылы 16,2 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда суармалы су құбырының, сыртқы жарықтандыру және электр желілерінің құрылысы аяқталды. Аталған жобаны жүзеге асыру арқылы Шығыс тұрғын үй ауданының жеке тұрғын үй құрылысына арналған 203 жер телімін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз еттік.

2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы

2015 жылы бұл бағдарлама бойынша «Устапласт» ЖШС Ұлытау көшесіндегі №66 үйге құны 20,4 млн.теңгеге күрделі жөндеу жүргізді. Үйдің төбесі, подъезд, жертөле және электр желілері жөндеуден өтті. Көпқабатты үйлерді аталмыш бағдарлама бойынша күрделі жөндеуден өткізу бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Күрделі жөндеу жүргізу үшін құны 177,9 млн. теңге болатын тағы 12 үйдің құжаттары әзірленді, оның 5-уі биылғы жылы күрделі жөндеуден өтеді.

2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Бұл бағдарлама аясында Сәтбаев қаласында 2015 жылы 2 жоба бойынша жұмыс жалғасуда:

1)Тау-кен жабдықтарына арналған компрессорлы қондырғы өндірісін ұйымдастыру жобасы — «Рудсервис» ЖШС.

Өткен жылы бұл кәсіпорында құны 50млн. 500 мың млн. теңге болатын 7 компрессор шығарылды.

2)Дөңгелекті тіреуіштер өндірісі жобасы – «ЖК Гелисханова».

2015 жылы құны 102 млн. теңгені құрайтын 10 000 дана дөңгелекті тіреуіштер шығарылды. Осы мемлекеттік бағдарлама бойынша индустриаландыру Картасына енгізу үшін тағы да тың инновациялық жобаларды іздестіру қажет.

2015 жылы Қарағанды облысының өндіріс және индустриалды-инновациялық даму басқармасына индустрияландыру Картасының тізіміне қосу үшін «Қуаттылығы тәулігіне 250 кг болатын катодтық мысты өндіру бойынша тәжірибелік өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру» — «КазИнвестРост» ЖШС жобасы ұсынылды. Бұл инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы тау-кен үйінділерін тиімді пайдаланып, экспорттық нарыққа шығу және қазақстандық нарықтағы ішкі өнімнің сұранысын қанағаттандыруға жол ашпақ.

«КазИнвестРост» ЖШС инвестиция көлемі 287,3 млн. теңге – өз қаражаты. Аталмыш жобаны жүзеге асыру арқылы 29 тұрақты жұмыс орны ашылып, сондай-ақ жобаны жүзеге асырудың екінші деңгейінде тағы да 6 жұмыс орны ашылады.

«Бизнестің жол картасы — 2020» Бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы.

«Бизнестің жол картасы — 2020» Бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша 2015 жылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға республикалық бюджеттен 43,7 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

— 15,4 млн. теңге кредиттік/лизингтік мәмілелердің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялауға;

— 10 млн. теңге жаңа өндіріс ошақтарын ашу үшін мемлекеттік грант ұсынуға;

— 18,3 млн. теңге шағын несиелер беруге.

Бүгінгі таңда сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бағыты бойынша 2014 жылы мақұлданған 5 жоба және былтырғы 2 жобаға қаражат берілуде. Осы жобалардың ішіндегі бес жоба 2015 жылы сәтті жүзеге асырылды. Олар:

«Ойын-сауық кешенін ұйымдастыру» — «Оразбаева Г.Т» ЖК.

«Кәсіпорынды жаңғырту және кеңейту» — «Самға» ЖШС.

3) «Италияндық технология бойынша нан және нан — тоқаш өнімдерін шығару» — «А.Т.Жармұхамбетов» ЖК.

4) «Әлеуметтік такси ашу» — «О.И.Гусев» ЖК.

5) «ТОЛҚЫН» сұлулық салонын кеңейту» — «Айгисинова Г.К» ЖК.

Екі жоба аяқталу үстінде:

«Ойын-сауық кешенінің құрылысы» — «Ә.У.Инсебаев» ЖК.

«Қоғамдық тамақтану кәсіпорынын қайта құру»-«Беркеев Б.М» ЖК.

2015 жылы «Бизнестің жол картасы — 2020» Бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында Аймақтық Үйлестіру Кеңесі 5 жобаны мақұлдап, оларға мемлекеттік гранттар берілді:

— Чабаненко Е.И. ЖК — «Сәтбаев қаласында бақылау камераларын орнату»;

— Эберман А.В. ЖК — «Сәтбаев қаласында тоқу цехын ашу»;

— Бутабаев Т.Т. ЖК — «Металл бұйымдарының өндірісі;

— Кыдырбеков А.Ш. ЖК — « Уқалап емдеу бөлмесін ашу»;

— Кугулбаев С.И. ЖК — «Ірі қара малды қолдан ұрықтандыратын бекет орнын ұйымдастыру».

Шағын несие беру бағыты бойынша өткен жылы Қарағанды облысының ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілердің қаржылық қолдау қоры Сәтбаев қаласындағы 5 жобаны несиелендіруді мақұлдады. Бұл жобалар ағымдағы жылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес — 2020» бағдарламасы

Бұл бағдарлама бойынша 2015 жылы төрт шаруа қожалығы ірі қара малдың аналық мал басымен селекциялық және асылдандыру жұмыстарын жүргізуге, асыл тұқымды 5 ірі қараны сатып алуға 4,4 млн.теңге субсидия алды.

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы

Бағдарламаның бірінші бағыты — «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша былтыр «Нұрлы жол» бағдарламасының жобасы бойынша 600 орынға арналған мектеп құрылысына 24 жұмыссыз адам орналастырылды.

Осы жоба аясында 142 жұмыс орны ашылып, оның ішіндегі барлық жұмыс орындарының 10 пайызы аталмыш бағдарламаның еншісінде.

Бағдарламаның екінші бағыты «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» аясында былтыр 6 қатысушы «Кәсіпкерлік негіздері» курсынан өтіп, оларға өз ісін ашуға немесе оны дамытуға 18,3 млн. теңге шағын несиелер берілді.

Бағдарламаның үшінші бағытының бірінші құрамдас бөлігі «Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша 18 адам (жоспар бойынша 16) қайта даярлау курсына, 37 адам (жоспар бойынша 26) әлеуметтік жұмыс орындарына, 30 адам (жоспар бойынша 22) жастар тәжірибесіне жолдама алды.

2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы

2015 жылы қаламыздағы білім жүйесін жалпы қаржыландыру бойынша бөлінген 2 млрд.880,4 млн. теңге қаражат толық игерілді.

Жыл сайын білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасы күшейіп келеді. Қазіргі таңда қала мектептері 45 жаңа үлгідегі модификациялық кабинеттермен жарақтандырылған: оның ішінде 15-і химия (100%), 15-і биология (100%), 15-і физика (100%) кабинеттері. 12 жалпы білім беретін мектепте 60 интерактивті тақта орнатылған, 15 мектепте мультимедиялық кабинеттер бар, 11 мектепте жоғары технологиялы сандық подиумы бар сенсорлық тақталар орнатылған. Өткен жылы №15 жалпы білім беретін мектепке құны 3 млн.574 мың теңгені құрайтын робототехника лабороториясы сатып алынды.

2015-2016 оқу жылында қала мектептеріне 34 жас мамандар келді, олардың ішінде 9 маман үздік қызыл диплом иегерлері. Қазіргі таңда математика, физика, химия пәндерінің және орыс тілді сыныптарға арналған бастауыш сынып мамандарының жетіспеушілік мәселесі өткір тұр. Мәселені шешу мақсатында білім беру бөлімі нақты жұмыс жүргізуде.

2015 жылы 347 оқушы 11 сыныпты бітірді, оның 222-сі немесе 63,9% ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты, орта балдық көрсеткіш 76,79 құрады. «Алтын белгіге» ұсынылған 5 үміткердің 1-і өз білімін дәлелдесе, 4 түлек үздік аттестатқа ие болды.

2015 жылы оқулықтар сатып алу және оны жеткізу үшін 25,4 млн. теңге жалпы оқумен қамту қорынан бөлініп, қаржы толығымен игерілді.Тегін ыстық тамақпен 1 сыныптағы 1226 оқушы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 1454 бала қамтылды.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2011-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы

Қаламызда мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен айналысатын 16 балабақша, 14 шағын орталық бар.

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиемен 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді қамту, мектепалды сыныптарда оқитын 911 баланы қоса есептегенде 100 % құрайды. Қаламызда толық күнге арналған 4 шағын ортылыққа қосымша, биыл №15 және 27 мектептердегі тағы екі шағын орталықты толық күнге ауыстыру жоспарланып отыр.

2015 жылдың қаңтар айынан бастап «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС қарасты «Дошкольник» ЖМ 13 балабақшасы коммуналдық меншікке берілді. Осының арқасында бұл балабақшаларда қосымша 300 балаға арналған 12 топ ашылды. 2015 жылдың 12 ай ішінде балалардың мектепке дейінгі ұйымдарына 1120 бала жолданды. Өткен жылы «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 473,3 млн. теңге бөлінді. Бюджет қаржысын игеру 100% құрады.

Барлық мектепке дейінгі ұйымдарда ағылшын тілін ерте жастан үйрететін «Жас лингвист» жобасы еңгізілген. 2015 жылдың 1 маусымынан бастап №29 «Балдәурен» балабақшасы Қарағанды облысындағы 11 балабақшаның қатарында «Сырттай балабақша» тәжірибесінің әлеуметтік-жобасына қосылды, тәжірибе бір жылға есептелген.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы.

Қаланың денсаулық сақтау жүйесінде 3 мемлекеттік медициналық ұйым, оның ішінде 1 аурухана, 1 диспансер, 1 амбулаториялық-емханалық мекеме бар. Сонымен қатар, жекеменшік нысандағы 10 медициналық ұйым жұмыс істейді, оның 5-і кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін ұсынумен айналысады.

Денсаулық сақтау жүйесінің алға қойған міндеттерін табысты іске асырудың негізі – білікті мамандармен қамтылуы. 2015 жылы мамандар қатары 6 жаңадан келген дәрігерлермен толықты, оның 3-уі жас мамандар. Жаңа келген мамандардың есебінен дәрігер тапшылығы 9-ға дейін төмендеді.

2015 жылдың қорытындысы бойынша туберкулез ауруының жағдайы 4,3%-ға төмендеді, көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 60,1, 2014 жылы бұл көрсеткіш – 67,7 болған. Туберкулез салдарынан өлім-жітім бойынша 2 жағдайға өсім байқалып, көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда – 8,6%(6 жағдай) құрады,

2015 жылы ана өлімі тіркелген жоқ. 13 нәресте өлімі тіркелді, 2014 жылы 12 жағдай орын алған. Ана мен бала өлімін болдырмау және алдын алу мақсатында іс-шаралар жоспары әзірленіп бекітілді және оның іске асырылуы тұрақты бақылануда. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы негізгі көрсеткіштер қадағалануда.

Қаламыздың барлық медициналық мекемелерінде медициналық алдын-алуға және әр түрлі аурулардан сақтандыруға ерекше назар аударылады. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы бойынша көрсеткіш өсті. Соңғы 7 жылдың ішінде өмір сүру ұзақтығы 64,6 жастан (2008ж.) 70,2 жасқа (2015ж.) дейін немесе 7,8 %-ға ұлғайды.

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған ҚР мемлекеттік бағдарламасы

Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында бекітілген қалалық жоспарға сай 40 іс-шара өтіп, оған 2 мың адам қамтылды.

Бұл бағдарлама бойынша өткен жылы іс-шаралар өткізуге 2,5 млн. теңге, мемлекеттік тілді оқыту курстарының жұмысын ұйымдастыруға 2,0 млн. теңге қаржы бөлінді.

«Сәтбаев қаласының мәдени-сауық орталығы» КМҚМ жанында заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен жабдықталған оқу-әдістемелік кабинеті жұмыс істейді. Былтыр мемлекеттік тілді оқыту курстарына 160 адам қамтылды, оның ішіндегі мемлекеттік қызметкерлердің үлес салмағы – 76,2%. «Қазтест» жүйесі бойынша 52 адам диагностикалық тесттен, 10 адам сертификат үшін тестілеуден өтті. Қалалық «Шарайна» газетінде тіл саясаты тақырыбына арналған 35 мақала, «СТА» телеарнасы арқылы 32 бейнесюжет көрсетілді.

ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 — 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында 2015 жылы 183 жалпы профилактикалық іс — шаралар өтті, оның ішінде АНТ қатысуымен қалалық ұйымдар мен оқу орындарында 160 кездесу ұйымдастырылды. Қамтылған адамдар саны – 14,0 адам, оның ішіндегі жастар – 8,0 мың. Теологтар «нысаналы топтармен» 170-тен астам жеке кездесу өткізді. Республикалық АНТ теологтары мен сарапшылары А.Әбдірасылқызы, М.Исахан, А.Қуанышбаев және тағы басқа мамандардың тартылуымен кездесулер өтті. Халықтың діни сауатын арттыру мақсатында іс-шаралар барысында 6000-нан астам ақпараттық буклеттер мен кітапшалар таратылды, мектептер мен колледждерде «Ақиқатқа апарар жол», «Адасқан ағымдар», «Осужденные», «Исповедь мусульманина», «Жалған ілімдер» атты тақырыптық бейнефильмдер көрсетілді.

Сәтбаев қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығы жанынан халыққа діни қатынастар саласында кеңестік және тәжірибелік көмек көрсету бойынша құрылған «41516 – Қауырт желі» жұмыс істейді, былтырғы жыл басынан бері желіге 20-дан астам хабар түсіп, 14 – кеңестік, 8 – құқықтық, 4 – іс жүзіндегі көмек көрсетілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік органдардың діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылы бойынша атқарған жұмысы туралы 160-қа жуық материал жарық көрді, оның 50-і – баспа, 110-ы – электрондық БАҚ-да. Қалалық «Шарайна» газетінде «Дін және қоғам», «Духовный собеседник» атты арнайы айдар, ал жергілікті «СТА» телеарнасында апта сайын «Ғылымхал» бағдарламасы шығады.

Қала әкімдігінің қаулысымен халықтың, әсіресе жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін алдын-алу іс шаралары шеңберінде көпбалалы отбасыларынан шыққан және балалар үйінде тәрбиеленетін балалардың тегін, оқушылар мен студенттердің 50% жеңілдікпен спорттық нысандарға кіруі қамтамасыз етілді.

Қалалық бюджеттің кірісі мен шығысы

2015 жылдың қорытындысы бойынша қала бюджетінің кіріс бөлігіне 7 млрд.757 млн. 773 мың теңге түсті, жоспар бойынша 7 млрд.745 млн. 612 мың теңге немесе орындалысы 100,1% құрады.

Қала бюджетінің жеке кірістер табысының жоспары 100,5% орындалды және 2 млрд. 104 млн. теңгені құрады.

Мақсатты трансферттер түсімі 4 млрд.61 млн. теңгені құрады немесе жылдық орындалысы 100%.

Субвенция бойынша түсімдер жылдық жоспардың деңгейінде және 1 млрд. 593 млн.теңгені құрады.

Қалалық бюджеттің 2015 жылдың шығыс бөлігінің орындалысы 100% орындалып немесе 7 млрд. 619 млн. теңгені құрады.

Сәтбаев қаласының 2015-2016 жылдарға жылу беру маусымының өту барысы және қаланың абаттандырылуы

Сәтбаев қаласы және оған жақын орналасқан елді-мекендердің 2015-2016жж. жылу беру маусымына дайындық шаралары бекітілген кестеге сай жүргізілуде.

«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС «Жылу энергетика кәсіпорыны» №1,2 Жылу станцияларындағы 2 қазандықты және газ өткізу қондырғыларының технологиялық 4 қазандығын күрделі жөндеуден, 10 жылыту және бу қазандықтарын ағымдық жөндеуден өткізді.

Мазут шығынын азайту және әр қазандықтың сағаттық қуаттылығын 55 Гкал дан 70 Гкалға арттыру үшін №1 Жылу станциясындағы 3 қазандыққа жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Екі жылу станциялары қажетті көмір және мазут қорымен қамтамасыз етілген. Жылу станцияларына қажетті отын мөлшерін жеткізу жөніндегі келісім-шарттар мерзімінде жасалған.

Жылу беру маусымына дайындық барысында Сәтбаев аймақтық «ЭнергоЖелілері» кәсіпорыны 18,5 км (102,7%) жылу желілерін, 7,4 км (100%) су желілерін және 750 метр (100%) кәріз желілерін ауыстырып, жөндеді.

«Электр желілері» кәсіпорыны 55,1 км (100%) әуе, кабельдік электрмен жабдықтау желілерін жөндеуден өткізді. Сондай-ақ 80 дана трансформатор станциялары жөндеу көріп, жұмыс 100% орындалды.

2015-2016 жылғы жылу беру маусымына дайындық шаралары барысында 770 көпқабатты тұрғын-үй мен әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық нысандарға дайындық жұмыстары жүргізілді.

Аулаларды абаттандыру бағдарламасы бойынша өткен жылы 10,7 млн. теңгеге 1-деңгейлі 5 балалар ойын алаңы орнатылды. Сонымен қатар 4 аялдама павильоны орнатылып, балалар және футбол алаңдарын қалпына келтіру, күтіп ұстау бағытында жұмыстар атқарылды.

Жасыл желектерді күтіп ұстауға 7 млн. теңге қаржы бөлініп игерілді және жасыл желектерді зиянкестер мен жәндіктерден қорғау үшін екі рет химиялық өңдеу жұмысы жүргізілді.

Санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша бөлінген 52 млн. теңге қала көшелерін кездейсоқ қоқыстардан тазарту, қоқыс жәшіктерін күтіп ұстауға, автопавильондар және оған жақын жатқан жер аумақтарын қоқыстан тазартуға, 1 мұсылман бейітін және 2 православ қорымын күтіп ұстауға жұмсалды.

Былтырғы жылы абаттандыру бағдарламасы бойынша бөлінген 23,5 млн. теңгеге қала көшелеріндегі 9528 шаршы метр автожолдары ағымдық жөндеуден өтті. 1533 шаршы метр жаяужолға асфальт төселді. Бұл бағыттағы жұмыс биылғы жылы да жалғасын табады

Ұлы жеңістің 70 жылдығы аясында «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша «Тағзым» мемориалдық кешенінің құрылысымен бірге Даңқ алаңы қайта жөндеуден өтті.

Жезқазған аймағын дамытудың Кешенді жоспары аясында Жезқазған поселкесінің тұрғындарын көшіру бағытындағы іс-шаралар

Кешенді бағдарламаның 11 тармағы бойынша «пайдалы қазбалардың орнын қалыптастыру мақсатанда мемлекеттің қажеттілігі үшін Жезқазған кентінің және оған іргелес жатқан елді-мекендердің (Весовая, Крестовский, Перевалка және ГРП) жер учаскелерін мәжбүрлі босату бойынша іс-шаралар өткізу қарастырылған».

Құлау аумағына жақын орналасқан тұрғындарды көшіру 3 кезеңмен жүзеге асырылуда.

Қарағанды облысы әкімдігінің жер учаскелерін мәжбүрлеп өндіріп алу жөніндегі қаулысына сәйкес екінші кезеңдегі Жезқазған кентінің тұрғындарына жер учаскелерін мәжбүрлеп алу жөнінде хабарламалар таратылды.

Келісім қорытындылары бойынша тұрғындардың талаптары анықталып, мүлікті қайта есептеуге арыз берген екінші кезеңдегі иегерлердің 173 нысаны екінші бағалаудан өтті.

Екінші кезеңді жүзеге асыру мақсатында, қаламыздағы 6 ықшамауданда жалпы аумағы 30,9 мың шаршы метр болатын 9 бес қабатты үйдің немесе 460 пәтердің құрылысы басталып және оның инженерлік желілері тартылды. Бұл құрылыстарға мақсатты транферттер есебінен республикалық бюджеттен 2,8 млрд. теңге қаржы бөлінді.

2015 жылдың қорытындысы бойынша бұл үйлердің құрылыс-жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүргізілді. Жертөлелерді орнату жұмыстары аяқталып, тіреуіштер және 2-ші қабаттың жабынды плиталарын орнату аяқталды.

Құрылыс жұмыстарына 300 адам, 40 техника жұмылдырылған. Сондай-ақ 5 құрылыс фирма аудан аралық инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысын жүргізуде.

2015 жылы «СК Альтаир» ЖШС 55 ,6 млн. теңгеге Шығыс тұрғын үй ауданындағы 24 екі пәтерлі үйлердің жолдарына асфальт төсеу жұмыстарын аяқтады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

2015 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмысқа орналасу мәселесімен 3367 жұмыссыз хабарласып, тіркелді. Оның ішіндегі 2500 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, жоспарлық көрсеткіш 100% орындалды.

2015 жылы қоғамдық жұмыстарға 719 жұмыссыз тартылды, қайта оқыту курстарына 105 адам жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына нысаналы топтардағы 10 жұмыссыз жіберілді, жастар тәжірибесі бойынша 25 түлек жұмыс істеді.

Аз қамтылған отбасыларға жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмектің келесі түрлері көрсетілді:

— 2,6 млн. теңге көлеміндегі қаражат мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша 32 отбасына (123 адам) төленді, 2014 жылы 3,7 млн. теңгеге 38 отбасына (140 адам) көмек берілді яғни осы кезеңмен салыстырғанда былтырғы жылы атаулы көмек алушылар 12,1 пайызға төмендеген.

— 6,5 млн.теңге көлеміндегі қаражат 18 жасќқа дейінгі балалары бар отбасыларына, мемлекеттік балалар жәрдемақысы бойынша 228 отбасына (471 бала) төленді, 2014 жылдың осы кезеңінде 217 отбасыға (444 бала) 5011,2 мың теңге төленді яғни былтыр осы жәрдемақыны алушылардың саны 5,7 пайызға артты.

— 8,9 млн. теңге көлеміндегі тұрғын үй көмегі 74 отбасына (197 адам) көрсетілді.

2015 жылдың шілде айынан бастап Сәтбаев қаласы «Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша жұмыс істеуде. Бұл жоба бойынша тұрғындарға әлеуметтік көмектің жаңа тәсілі ұсынылуда. Атап өтер болсақ, еңбекке қабілетті жастағы табысы аз адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, мамандық алуға, қосымша мамандық алу үшін қайта даярлықтан өтуге және қажет болған жағдайда отбасының әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауды көздейді.

2015 жылы «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 8 отбасы немесе 29 адамға 538,5 мың теңге тағайындалып, төленді.

Былтырғы есептік кездесулерде тұрғындардан келіп түскен ұсыныстар мен ескертулер бойынша атқарылған іс-шаралардың орындалуы бойынша ақпарат

Жезқазған кенті және Сәтбаев қаласы әкімдерінің 2015 жылы тұрғындар алдында берген есептік кездесуінде 7 негізгі мәселе бойынша ұсыныстар мен ескертулер келіп түсті. Бұл мәселелердің барлығы әкім аппаратының бақылауына алынды.

Өткен жылы жеті ұсыныстың барлығы орындалды: Весовая елді-мекеніндегі Фрунзе көшесі №1/5 үйінің ауласы жарықтандырылды, «Сәт Тазалық» ЖШС эксплуатациялық шығындар тарифтері мен көрсетілетін қызмет түрлерін түсіндіру мақсатында кездесу өтті, Дүрментаев көшесіндегі №26,28,30 үйлердің аудандарында жарықтандыру тіректерінің шамдары ауыстырылды, Тәуелсіздік даңғылы №1а мекенжайындағы үйдің жертөлесіндегі құрылыс және тұрмыстық қоқыстар тазартылды, тротуар жолы, жаќқын орналасќқан Тәуелсіздік даңғылы және Гурба көшелерінің қиылысындағы жаяужол төселді, шығыс ауданның 72-ші орамда орналасқан Б.Бұлқышев көшесіндегі №130, 132 үйлердің жанына І санатты балалар ойын алаңы орнатылды, Жезқазған кентінде сымсыз телефон байланысының сапасы жақсартылды.

Жоғарыда аталған іс-шаралардың орындалуы бойынша қала тұрғындары қалалық БАҚ арқылы ақпараттандырылды.

Елбасы Жолдауын жүзеге асыру мақсатындағы іс-шаралар

Былтырғы жылы «Қазақстан-2050» Стратегиясын, бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» және Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауларын түсіндіру және насихаттау бойынша ауқымды жұмыс іске асырылды.

2015 жылы 5 қалалық ақпараттық-насихаттық топтың құрамы жаңартылды. Республикалық, облыстық және қалалық ақпараттық-насихаттық топтардың қатысуымен қала мекемелері мен кәсіпорын ұжымдарында түрлі деңгейдегі 145 іс-шара өтіп, оған 8 мыңнан астам адам қамтылды.

Ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы негізгі басымдықтарды түсіндіру және насихаттау мақсатында, аймақтық және мемлекеттік негізгі бағдарламалардың орындалысын жариялау үшін мемлекеттік тапсырыс есебінен облыстық, аймақтық және қалалық БАҚ 44,2 млн.теңге бөлініп, толығымен игерілді.

Қаланың қоғамдық-саяси және діни ахуалы туралы

Бұл бағыттағы атқарылған кешенді іс-шаралар қаламыздағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға септігін тигізді.

Бүгінгі таңда Сәтбаев қаласында «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы, 7 кәсіподақ ұйымдары, 24 үкіметтік емес ұйымдар және 9 діни бірлестіктер бар. Үкіметтік емес ұйымдарды қолдау бағытындағы шаралар аясында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асыру үшін 2015 жылы қалалық бюджеттен 14,4 млн.теңге бөлініп, 13 әлеуметтік маңызды жобалар іске асырылды.

2015 жылы біз ел тарихындағы маңызды оқиғаларды: Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өттік. Осы іс-шараларды және мемлекеттік мерекелерді атап өту мақсатында 289 ірі қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Солардың ішінен дәстүрлі әндерді орындаушылардың Тайжан Қалмағамбетұлы атындағы I республикалық байқауы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған аймақтық жас ақындар айтысы, Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылған Өтжан би атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің I аймақтық байқауын атап өтуге болады. Мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу үшін 2015 жылы 22,8 млн.теңге қаржы бөлінді.

Қала тұрғындарының бойына толеранттылық, бейбітшілік пен келісім құндылықтарын сіңіру, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын насихаттауға бағытталған нақты жұмыстар жүргізілді.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында 2015 жылы қалалық бюджеттен 16,5 млн. теңге бөлінді, оның ішіндегі 5,6 млн. теңге іс-шаралар өткізуге жұмсалды. Жастар саясаты саласында өткен жылы 8,5 мың адамның қамтылуымен 130 іс-шара ұйымдастырылды. «Сәтбаев жастары» жастар ресурстық орталығы республикалық «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы және Қазақстан жастар Конгресімен бірлесе отыра өткен жылы ұзақмерзімді «Сәтбаев-2020, жастарға мейірімді қала» жобасын жүзеге асыра бастады.

Қаламызда бұқаралық және ұлттық спортты дамыту, балалар мен жастарды спорттық секцияларға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда. 2015 жылдың мамыр айында «Қазақмыс» корпорациясына қарасты Спорттық сауықтыру кешені Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт Басқармасының коммуналдық меншігіне өтті,оның базасында бүгінгі таңда «Қарағанды облысының олимпиадалық резервті дайындау орталығы» КМҚК жұмыс істейді.

Бұқаралық спортты дамытуға 2015 жылы 18,1 млн. теңге қаржы бөлінді. Өткен жылы 67 түрлі спорттық-бұқаралық шаралар өтіп, оған 15152 адам қамтылды.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша атқарылып жатқан шаралар

Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қазандағы ќҚаулысымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша Сәтбаев қаласында 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілді.

Әр тоқсан сайын қаламыздағы мемлекеттік мекемелер өздерінің веб-сайттарында, жергілікті «Шарайна» газетінде сенім телефондарын жариялайды, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, «ашық есік күндерін» өткізеді.

Жоспарды жүзеге асыру мақсатында Сәтбаев қаласы әкім аппаратының веб-сайтында (www.satpaev.gov.kz) тұрғындардың сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы құқықтық ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтары» атты бөлім ашылған. Осы бөлімде сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қалалық комиссия құрамы туралы мәлімет, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар Жоспары және заңнамалық актілер туралы мәліметтер жарияланған.

2015 жылы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қалалық комиссияда 19 мәселе қаралып, мемлекеттік органдарда жүзеге асыру үшін хаттамалық шешімдер қабылданды.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялық талабына сәйкес барлық заң құралдары мен әдістерді пайдалана отырып, жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік жағдайды қалыптастыру бойынша жұмыстар әрі қарай жалғасын табады.

Бағаны тежеп ұстау бағытындағы атқарылып жатқан шаралар

Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында азық-түлік өнімдерін бақылайтын жұмыс тобы күнделікті рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, негізгі азық-түлік бағаларын тұрақтандыру жөнінде түсініктемелік кездесулер өткізеді.

Әлеуметтік маңызы бар топтардағы азық-түліктерге сатып – алу бағасынан 10% жоғары үстеме қоспау жөніндегі Сәтбаев қаласының сауда нүктелері, азық-түлік дүкендері мен әкімшілік арасында жасалған меморандумға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Тұрғындардың әлеуметтік-әлсіз топтарын арзан нан өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында облыстық тұрақтандыру қорынан 2015 жылы 160 тонна әлеуметтік ұн бөлінді.

Қаламызда нарықтық бағасы төмен жұмыртқа өнімдерін сату үшін «Орталық Құс» ЖШС құс фабрикасына бекітілген «Синьковская» ЖК бас оператор болып анықталды. Былтыр барлығы 108 мың дана бірінші деңгейлі жұмыртқа ауылшаруашылық жәрмеңкесінде 190 теңгеден сатылды.

Әр апта сайын жергілікті өнім өндірушілер мен шаруа қожалықтарының қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Бұл жәрмеңкеде өнімдер нарықтағы бағадан 10-20% төмен бағамен сатылады.

Қаламызда әлеуметтік бағытта «Ғалия Бану», «Нұртай» дүкендері жұмыс істейді.

Азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мақсатында облыста тұрақтандыру қоры жасақталған.

Қала әкімінің биылғы жылы және келешектегі іс-әрекет бағдарламасы

Биылғы жылы қала әкімінің және әкімдіктің негізгі басымдық беретін жұмыс бағыты ел Президентінің бес институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталады. Атап өтер болсақ, біздер төмендегі жұмыстардың атқарылуын қамтамасыз етуіміз тиіс:

— 1 қаңтардан бастап құрылған жергілікті полицияның тиімді жұмысын ұйымдастыру;

— 3 коммуналдық нысандарды жекешелендіру;

— қаланың санитарлық жағдайын жақсарту және абаттандыру;

— «Айнакөл» өзенін абаттандыру;

— жергілікті өнім өндірушілер үшін Абай көшесіндегі коммуналдық сауда-саттық қатарын абаттандыру.

Сондай-ақ Кешенді бағдарлама бойынша алтыншы ықшам аудандағы 5 қабатты тоғыз үйдің құрылысын және оның инженерлік инфрақұрылымын аяқтап, 5 қабатты тағы алты үйдің құрылысын бастау жоспарланып отыр.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 600 орынға арналған мектеп құрылысы аяқталады.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы бойынша 5 тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізіледі.

Жақын келешекте Сәтбаев қаласында индустриалдық парк ашу, 66,74 орамдарға кәріз жүйесін салу, мүйізді ірі қара етінің экспорттық әлеуетін дамыту үшін жем-шөп алаңының құрылысын ұйымдастыру жоспарлануда. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 56-пәтерлі жалдамалы тұрғын үй салынады.

Қадірлі жерлестер!

Ел Президенті өзінің «Ұлт жоспары-қазақстандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық мақаласында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары — 100 нақты қадам» іс жүзінде жүзеге асырыла бастайтынын атап өтті. Бүгінгі таңда біздер жарқын болашақты армандап қана қоймай, маңызы және жауапкершілігі зор жұмысты, алға қойған міндеттерді мақсатты түрде іс жүзінде жүзеге асыруымыз қажет. Бойымыздағы тәжірибені де, төзімділік пен табандылықты да біз осы мақсатты жүзеге асыру үшін жұмсайтынымызға мен сенімдімін.

Комментарии закрыты.