Депутаттар корпусы жаңарады

Ел Президенті Н.Назарбаев 20 қаңтарда V шақырылған Парламент Мәжілісін тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Өз өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Мәжіліс депутаттарының өздері бастама көтерген болатын. Елбасы бұл мәселе бойынша Парламент Палаталары төрағаларымен, Премьер-Министрмен және Конституциялық Кеңес төрағасымен кеңес өткізді. Қалыптасқан ахуалға байланысты Елбасы халыққа Үндеу жариялады. Үндеуде депутаттардың бастамасы ел тағдырына отаншылдық тұрғыдан қамқорлық танытудың көрінісі деп бағаланды. «Билік саласы өкілдері құрамының жаңартылуы еліміз бен халқымыздың мүддесіне сай келетіндігіне сенімім кәміл. Саяси партиялар күн тәртібіндегі міндеттерді түсіне білетін сауатты, іскер және ел мүддесіне адал кандидаттарды ұсынуға тиіс» деген Елбасы « Мәжілістің кезектен тыс сайлауы (оның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының да депутаттары бар) және өңірлік мәслихаттардың кезекті сайлауы бірге өтуі уақытты да, қаржыны да үнемдейді» деген пікірін де білдірді. Елбасы Жарлығы бойынша Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар сайлауын өткізу 2016 жылғы 20 наурызға белгіленді.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Елбасы Жарлығынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға кірісіп те кетті.

Комментарии закрыты.