Өршілдігін Баубектің байқатқандай

20160122-12-2Жалынды публицист, жазушы, Ұлы Отан соғысының батыры, Ұлытаудың тумасы Баубек Бұлқышевтің жасындай жарық еткен ғұмырында артына қалдырған мұраларын кейінгі буынға насихаттап, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен қалалық білім бөлімінің қолдауымен Б.Бұлқышев атындағы IV аймақтық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті.

Ұлт ұясы – Ұлытаудан түлеп ұшқан жауынгер жазушының прозалық туындылары мен поэмаларынан үзінді оқыған жастардың көбісі Баубектің әдебиет әлеміндегі мұраларына таласының барын көрсетіп, Баубектей өршіл болуға ұмтылатындықтарын байқатты.

Ұлы Отан соғысына дейін әр алуан жанрда қалам тербеген заңғар жазушының құдіретті қаламы майдан даласында да мұқалмай, өршіл рухты жырлар мен прозалық, публицистикалық туындылар тудырды. Сол шығармалар да оқылып жатты.

Батыр жазушының шығармаларын сүйіп оқитын №4 Абай атындағы мектеп-лицейдің оқушысы Бейбарыс Ахмет аймақтық байқауда І орынды еншілесе, жүлделі ІІ орынды С.Сейфуллин атындағы гимназияның оқушысы Айжан Әбілхасымова мен №15 орта мектептің оқушысы Ботакөз Жұмабекова бөлісті. №27 орта мектептің оқушысы Арайлым Балғабаева мен «Денсаулық» колледжінің оқушысы Фариза Қорған ІІІ орынның жүлдесін қанжығалады.

Бағдат Қазкенов. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.