А.А.Ыдырысов сәтбаев қаласының әкімі

20160122-01-1Қарағанды облысы әкімінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №21к өкімімен Ыдырысов Асқар Абылайұлы Сәтбаев қаласының әкімі болып тағайындалды.

А.А.Ыдырысов 1975 жылы 30 қазанда Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында туған. Білімі жоғары.

1997 жылы Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін тау-кен көлігі және жабдықтау, инженер-электромеханик мамандығы бойынша бітірді.

2005 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін экономика бакалавры бойынша тәмәмдады. Экономика ғылымдарының кандидаты.

1997 жылы еңбек жолын Жезқазған қаласындағы Ө.Байқоңыров атындағы университетте «Тау-кен көлігі және жабдықтау кафедрасында» ассистент болып бастады.

1999 жылдан 2001 жылға дейін Астана қаласында ҚР шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттікте жетекші маман, бас маман, «ННК «Казахойл» ЖАҚ, «Казахойл-Продактс» ЖШС маман болып еңбек етті.

2001-2003 жылдары ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бәсекелестікті қорғау мен шағын бизнесті қолдау, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің шағын бизнесті қолдау комитетінің басқарма басшысы лауазымдарын атқарды.

2003-2008 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің өндірістік сала мен инфрақұрылым бөлімінің кеңесшісі, бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры қызметтерінде болды.

2008-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмысы бөлімінің Мемлекеттік инспекторы болып істеді.

2012-2013 жылдары Қарағанды облысы әкімінің аппарат жетекшісі, кейін Сәтбаев қаласының әкімі қызметтерін атқарып келді.

2013-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясының активтерді басқару Департаментінің инспекторы, директордың орынбасары, директоры, аудит қызметінің басшысы болып еңбек етті.

Үйленген. Екі бала тәрбиелеп отыр.

Комментарии закрыты.