Ғарышкер Тоқтар ӘУБӘКІРОВ:

«Менің өзімнің халқыммен ғарышқа ұшқаннан кейін табысқанымды білесіздер. Оған дейін қалың орыстың ортасында жүрдім ғой. Қазақстанға келгенде, елдің бәрі мені ерекше ықылыспен қарсы алды . Алақандарына салып аялады. Бірақ, мен сонда өзім қазақ бола тұра, орысша сөйлейтініме қатты қысылатын едім. Содан кеудемді намыс кернеді. Қазақша үйренуге қатты кірістім. Қазақ радиосын тыңдап, қазақ газеттерін көп оқыдым. Білмейтін сөздерімнің әуелі орысшасын ұялмай сұрап алатынмын. Қиындығына мойымай, қазақшаны біркісідей үйреніп алдым. Ниет пен жігер болса, ана тіліңді үйреніп алудың түк қиындығы жоқ».

Комментарии закрыты.