ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына және мәслихат депутаттығына үміткерлердің назарына!

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес, «Шарайна» газетінің редакциясы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына және мәслихат депутаттығына үміткерлердің (бұдан әрі – Үкіметкерлер) сайлауалды үгіт материалдарына ақылы негізде орын беретінін хабарлайды және сайлауалды үгіт материалдарының төмендегідей бағасы мен оларды жариялау шарттарын, орын беру тәртібін жариялайды:

– ақылы материалдың көлемі шаршы сантиметрмен есептеледі;

– газеттің бірінші бетіне орналастырылатын сайлауалды үгіт материалының көлемі 375 шаршы сантиметрден аспауы тиіс;

– үміткерлердің сайлауалды үгіт материалдарына орын беру материалдардың редакцияға келіп түсу ретіне қарай түзілетін кезек арқылы жүзеге асады;

– үміткерлердің сайлауалды үгіт материалдарын орналастырудың 1 шаршы сантиметрі үшін алынатын төлем мөлшері:

– 1-ші бет үшін 250 теңге;

– түрлі-түсті беттер үшін – 200 теңге;

– ақ-қара түсті беттер үшін – 180 теңге;

«Шарайна» газеті редакциясы» ЖШС.

Комментарии закрыты.