«Күй-анаға» арналды

20160205-12-2Весовая кентіндегі Отбасылық кітапханада қазақтың әйгілі күйші-композиторы Дина Нұрпейісованың 155-жылдық мерейтойына арналған «Динаның күйлері – біртұтас әлем» атты іс-шара ұйымдастырылды.

№2 Балалар музыка мектебінің дарынды оқушылары Зарина Трахпанова, Исатай Арайлым, Тілеуберген Тоғжан, Баязитова Ақниет, Жақұпбекова Аружан, Каликова Күлнар, Атабаева Гүлбақыт «Күй – ананың» күйлерін нәшіне келтіре орындап, көптің алғысын алды. №10 мектептің мұғалімі Махамбетова Маржан оқушылармен және Дина Нұрпейісова көшесінің тұрғындары Қойшығара – Дина Айтжановтармен күйдің, домбыраның қасиеттері туралы әңгіме өрбітті.

Кеш барысында «Домбыра – оның жүрегінің кілті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып және «Дина әлемі» атты слайд көрсетілді.

Шынар Құдайбергенова, кітапханашы.

Комментарии закрыты.