Ахмет әлеміне саяхат

Қазақ тілі білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ елі үшін сіңірген еңбегін, қайраткерлігін, ақындығы мен ағартушылығын кейінгі буынға насихаттау мақсатында «Ахмет салған сара жол» атты танымдық әдеби сабақ өтті.

Ахмет Байтұрсынұлының балалық шағынан, елдің қоғамдық-саяси және мәдени өміріне атсалысудағы орасан зор еңбектері тілге тиек етіліп, рухани мұралары жайында сөз болған танымдық сабақта шәкірттер өздерінің ахметтанудағы тың ізденістерімен көзге түсті.

Ақындыққа таласы бар балалар әр тақырыпта әр жанрдағы тапсырмаларды орындай отырып, Ахмет атамыздың асқақ тұлғасын сомдай білді.

Жеңіс Тілекенов, Индира Түсіпова, Жұмабай Исақан, Айгерім Молдабаева, Шыңғыс Дастан, Ардақ Тойлыбаева сынды жас талант иелері өз шығармаларын ортаға салды.

Үйірме жетекшісі, ақын Ғалил Жәнібеков аталмыш іс-шараны өткізуге атсалысқандардың бәріне алғыс сезімін білдірді.

Сәбина Лесова, аймақтық ұлттық-өнер орталығы «Жас ақындар» үйірмесінің шәкірті.

Комментарии закрыты.