Оқушыларға кітап туралы

20160205-12-4№7 орта мектепте «Кітап оқыған адам –табысты адам» деген тақырыпта кітапханалық сабақ өткізіліп, оған 4 «а» және 4 «б» сынып оқушылары қатысты.

Сабақ барысында оқушыларға кітаптың адам өміріндегі алатын орны, пайдасы кеңінен түсіндірілді.

Жалпы кітап шығару тарихынан нақты мысалдар келтіріліп айтылған әңгіме оқушылардың қызығушылығын тудырды. «Кітап» сөзінің қандай мән-мағынасы бар екендігін де қызыға тыңдаған оларға кітапты күтіп ұстаудың жолдары да түсіндірілді.

Сабақ соңында оған қатысушылар кітап көрмесімен танысты.

М.ЖЕТПІСБАЕВА, С.СҮТЕМГЕНОВА, мектеп кітапханашылары.

Комментарии закрыты.