«Алтынды мәскеуден аламыз!»

Қаңтардың 30-31-інде Алматы қаласында каратэ-до кекушинкайдан ел чемпионаты болып өткен еді. Осы чемпионатқа қатысқан төрт бірдей жерлесіміз жүлделілер тобынан табылды.

20160205-1-1

Мамандандырылған олим-пиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен байрақты бәсекеге қатысқандар Болат Смағұлов,  Қуатбек Тоқтыбаев пен Нұралы Наурызбаев сынды жаттықтырушылардың шәкірттері болып табылады.  Олар – күміс медаль еншілеген  Аян Молдабаев, қола медаль иегерлері  – Анастасия Оболанчикова, Қуандық Сарқыт,  Жантөре Барлық.

Алдағы уақытта  республикалық чемпионатта  айдарларынан жел ескен жүлдегер жастар Мәскеу қаласында өтетін халықаралық бәсекеде бақ сынайтын болады. «Сәтін салса, Мәскеуден алтын әкелеміз» дейді олар.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.