«Жолымды надяға беремін»

20160212-03-1«Әрбір халықтың  мәдениеттілігінің белгісі олардың ер азаматтарының  әйелдерге деген  құрметіне қарап бағаланады» деген қағида бар. Біздің қазақтың «қыз бала – қонақ» деп оған төрден ұсынуы да сол биік мәдениеттілік пен ұлттық ерекшеліктің бір белгісі екендігі сөсіз.

Кешегі кеңестік заманда әдебиет, ғылым, техника, өндіріс, мәдениет саласында жоғары жетістікке қол жеткізген жастарға Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілетін. Бұл сыйлықты иеленетіндер шын мәнінде де нағыз мықтылар болатын.  1970 жылы осы сыйлыққа ақындар Мұхтар Шаханов, Надежда Лушникова қатар ұсынылады. Сыйлық Н.Лушниковаға беріледі.Неге? Өйткені, Мұхаң сыйлық тағдырын шешетін комиссияға «На­дежда қыз бала ғой, жолы жіңішке. Сыйлықты Надежда алсын»  деген өтініш айтады. Мұхтар ағасының бұл мәрттігін Надежда ретті жерлерде әрқашан әңгімелеп, жастарға үлгі етіп отыратын көрінеді. Шынында да, біле білгенге Мұхаңның мұнысы – үлкен ірілік, тектілік. Сөйтіп, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы М.Шахановқа араға екі жыл салып, 1972 жылы берілген.  «Сол тұстағы біз­дің замандастарымыз осындай мәрт ке­луші еді ғой. Мен жігіттердің осы қа­сиеттеріне қашанда ризамын» дейді екен   Надя апай әліге шейін сол бір кезді еске алғанда.

P.S. Ал, бүгінгі жігіттерімізден осындай ірілік шыға  ма екен? Рас болса, олар тіпті автобустарда  қыздарға орын ұсынудан да қалып бара жатыр дейді ғой…

Комментарии закрыты.