Есімдері көшелерге берілген тұлғаларды тануға арналған жоба

20160212-03-2Облыстық деңгейде бастау алған «Менің сүйікті қаламның көшелері» акциясы кенді қалада да жалғасын тапты. Кен өндірісінің мекені саналатын біздің қалада ұрпақ танып, олардың ұлы істерінен өнеге алатын  тұлғалар жеткілікті.

С.Сейфуллин атындағы гимназияда өткен акцияның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа  көше атаулары берілген елімізге, аймағымызға танымал тұлғаларды таныту. Мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымының дайындаған жобалары өте қызықты әрі тартымды шықты. Академиктер Қ.Сәтбаев, Ө.Байқоңыров,  қаланың Құрметті азаматы В.Гурба, Ерден Сандыбайұлы, Бабыр би және т.б.  аты аңызға айналған тұлғалардың елге сіңірген еңбектері, олар туралы сыр шертетін деректер, суреттер бір жобаның аясында топтастырылған жұмыстар кім-кімді болсын қызықтырмай қоймайды.

Туған елді, өлкені тану өзің тұратын елді мекеннің, қаланың тарихын танудан басталады. «Менің сүйікті қаламның көшелері» осы мақсатты жүзеге асырудың бір жолы болып табылады. Мұндай игілікті істің алдағы уақытта одан әрі жалғасын таба беретіні тіпті сүйінішті-ақ.

Комментарии закрыты.