Науқан алдындағы жиын

20160212-02-2Сәрсенбіде  қалалық әкімдікте «Нұр Отан» партиясы Сәтбаев қалалық филиалының  кезектен тыс ХХ конференциясы өтті.

Конференция жұмысында партияның «Қазақстан-2021: Бірлік.Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлау алды бағдарламасы талқыланды. Сонымен бірге, қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер ұсыну, облыстық филиал конференциясына делегаттар сайлау мәселелері қаралды.

Саяси науқан алдындағы алқалы жиынға қатысушылар алдында сөз алған  партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жаңбырбай Дәрібаев сайлау алды бағдарламаға  кеңінен тоқталды. Ол партиялық әріптестерін партияның алдағы басым бағыттарын жүзеге асыруға жұдырықтай жұмылуға шақырды.

Жарыс сөзге шыққан «Нұр Отан» партиясы «Шипагер Сәт» бастауыш партия ұйымының төрағасы М.Қожахметов, №25 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі М.Сейтжанов, жеке кәсіпкер Д.Платонович партияның бағдарламасы уақыт алға қойған міндеттерді шешуге бағытталған саяси құжат, нақты жоспар екендігін айрықша атап көрсетті.

«Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы алдағы сайлауда қалалық мәслихаттың депутаттығына он үш үміткерін ұсынды. Облыстық филиалдың конференциясына делегаттар сайланды.

Комментарии закрыты.