«Белсендірек болыңыздар!»

Қала әкімі А.Ыдырысов жастар ресурстық  орталығында  жастармен кездесті. Орталықтың директоры Н.Наурызбаев  атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырып,  қолға алынған жобалар төңірегінде баяндады.

Жалпы бұл орталық бірнеше жобалардың басын біріктірген. Атап айтар болсақ, жастарды қолдау және  жәрдем көрсету, әлеуметтік технологиялар мен болжамдау қызметтері, он беске тарта жастар клубы,  жастар саясаты мектебі өз жұмысын нәтижелі жүргізіп отыр.

Асқар Абылайұлы бұл орталық  туралы Астанада жүргенде естігенін, еліміздегі алдыңғы қатарлы орталықтардың легінде тұрғанын айтқан кезде, жастар бір серпіліп қалды.

Елімізде шағын және орта кәсіпкерлікке кеңінен жол ашылған мына заманда әрбір жас өз бизнесін бастауға мүмкіндік бар.  Ақпараттық технология дамыған дәуірде әрбір  жалынды жастың идеялардың қайнаркөзіне айналуы қажет, – деді қала әкімі.

Орталық директоры Н.Наурызбаев  қалада жастар саясатын жүзеге асырудың  «2016-2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасына» кеңінен тоқталып, күтілетін нәтижелерді алға тартты.

Еркін сұхбат, пікір алмасу форматында өткен кездесуде жастар қала басшысына өздерінің сұрақтары мен ұсыныстарын жеткізді.

Жалынды жастармен жүздесуін қорытындылай келе, А.Ыдырысов қала жастарын қоғамдық-саяси өмірде болсын, спорт пен мәдениет саласында болсын белсенді болуға шақырды.

Комментарии закрыты.