Он алтыншы рет тойланды

20160219-03-5Қалалық Оқушылар сарайында  жыл сайын өздерінің туған күндерін атап өту дәстүрге айналған. Биыл олар бұл күнді он алтыншы рет тойлады.

Он алты жылдық тарихы бар білім ошағының өткені мен бүгінін көрсетіп, болашағын айқындау үшін өткізілген аталмыш шараны ашқан Оқушылар сарайының директоры Гүлнар Сансызбаева білім ошағының тарихына қысқаша тоқтала келіп, оны ұйымдастыруда үлкен еңбек сіңірген алғашқы директоры Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы, ақын, «Оқушылар сарайы» әнұранының авторы – Мәуия Бекмағанбетова мен оның орынбасары Әлия Әлмішеваны құттықтап, ұжым атынан алғыс сезімін білдірді.

Қазіргі таңда Оқушылар сарайында 65 түрлі шығармашылық үйірмелер мен 4 жексенбілік клубтар жұмыс істейді. Оларға Сәтбаев қаласының мектептерінен 2500 оқушы тартылған. Үйірмелер көркем қолданбалы-экология және көркем-музыка болып екі бөлім бойынша жұмыс жасайды.

Сарай «Кітапхана», «Дизайнер», «Сурет», «Айгөлек» үйірмелері жұмыс істейді. Бұл үйірмелердің тәрбиеленушілері көптеген сайыстарға қатысып, шығармашылықтарын шыңдауда.

Оқушылар сарайының қабырғасында тәрбие, білім алатын балалардың әр күні қызыққа, жаңалыққа толы. Өнер, тәрбие, білім ордасы жеткіншектерді құшақ жая қарсы алады.

Айшықты шара барысында Оқушылар сарайының әр үйірмесі өнерлерін көрсетіп, сарайдың туған күнін айрықша атап өтті.

Комментарии закрыты.