Ерлігі дастан ерлерге құрмет

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 27 жыл толуына орай, Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында салтанатты жиын өтті.

Ауғанстан асуларында жүріп ерліктің ерен үлгісін көрсеткен интернационалист-жауынгерлерге деген құттықтауын қала әкімі Асқар Ыдырысов жеткізді.

Асқар Абылайұлы ардагерлерге құрмет көрсетілген жиында өзінің Отан алдындағы борышын өтеу жолында қаза тапқан жерлесіміз Олег Морозовтың анасы мен жат елде жүріп сұм соғыстың куәгері болған Гүлнар Ақмағанбетоваға гүл-шоқтарын тапсырды.

20160219-01-1

Ардагерлердің атына құттықтау бұл күні толассыз ақтарылды. Подполковник, ауған соғысының ардагері Наиль Яльмурзин сол бір ауыр жылдарда әскери борыштарын адалдықпен атқарған жауынгер достарын мерекемен құттықтап, батырлардың ерліктері ұрпаққа ұран болып қалады деді.

Жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасы ардагерлерді бір серпілтіп тастады.

Бағдат Қазкенов. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.