Жаттығу да – денсаулық кепілі

Спорттық сауықтыру кешенінің футбол манежінде «Мы за здоровый образ жизни» атты флеш-моб өтті. Салауатты өмір салтына үндейтін іс-шараның мақсаты – қала тұрғындары арасында спортты дәріптеу болып табылады.

Мемлекеттік қызметкерлер, қала жастарының атсалысуымен өткен шарада Абай атындағы №4 мектеп-лицейдің оқушыларынан құралған спорттық команда флеш моб көрсетті. Іс-шараға жиылғандар оқушылардың қимыл-әрекеттерін қайталап, жарты сағатқа жуық жаттығу жасады. «Шынықсаң ‑ шымыр боласың» демекші, флеш-моб шарасына қатысушылар бойларын жаттықтырып, көңіл-күйлерін көтерді.

Айым Бектас.

Комментарии закрыты.