«Жас маман-2016»

20160304-03-3№36 «Ақбота» балабақшасы жас буынды тәрбиелеу үрдісінде жаңашылдыққа, ізденіске үнемі бой алдырып отырады.

Мұнда жас мамандардың өз жұмысына деген сүйіспеншілігін, теориялық білімін іс-тәжірибеде қалай ұштастыра білетіндігін анықтап, кәсіптік құзіретін нығайту, кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында әрқашан әртүрлі байқаулар, сайыстар өткізіп тұру дәстүрге айналған.

Таныстырудан басталған байқау «Кім тапқыр?», «Өнерлі өрге жүзеді», шығармашылық жұмыстарын көрсету «Сән үлгісі» бөлімдерімен жалғасты. Әр бөлімде тәрбиешілер қызмет барысында ата-анамен, баламен жеке жұмыс жасау әдістерін, балақайларды шығармашылыққа баулудағы өзіндік шығармашылық ізденіс жұмыстарымен таныстырды. Сән үлгісін көрсетуде бірінен-бірі оқ бойы озық тұрған арулардың талғамдарына көрермен таңғалысып жатты.

Қазылар алқасы байқаудың «Үлгілі тәрбиеші» атағын Гүлназ Диханбаеваға, «Талантты тәрбиеші» номинациясын Бақыт Сәдуақасоваға тиесілі деп таныса, Бақыткүл Оразалиева «Шебер тәрбиеші», Бағира Әбілқасымова «Ынталы тәрбиеші» атанды. Ал, Гүлжана Омарбекова байқаудың жеңімпазы атанды.

Комментарии закрыты.