Анаға алғыс!

20160304-02-5№1 «Ертегі» балабақшасындағы «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндері аналар мерекесіне арналған салтанатты биыл «Алғыс айту күнімен» орайластырып өткізді.

Мекеме басшысы Р.Ярышеваның қызу құттықтауынан кейін бүлдіршіндер ойын-сауықты бастап кетті. Би биледі, ән салды, аналарға арнап тақпақ айтты. Әртүрлі ойын ойнады.

Қысқасы, «Қарлығаш» тобындағы ойын-сауық қызықты өтті. Көпшілік көңілінен шыққан оған ән-күй жетекшісі Гүлжан Бекежанова, тәрбиеші Қарлыға Наурызбаева мен көмекшісі Жанат Үншібаева көп еңбек сіңіргені көрініп тұрды.

Комментарии закрыты.