Фермер Жақсылық ҮШКЕМПІРОВ:

20160311-03-2«Тоқсаныншы жылдардың ортасында инфаркт алдым. Сол кезде маған дәрігерлер ешкінің сүтін неғұрлым көбірек ішу керектігін айтты. Қалалы жерде күнде ешкі сүті табыла қоя ма? Ешкі баққым келіп кетті, содан облыс әкіміне барып, жеке шаруашылықпен айналысуға көмектесуін өтіндім. Обалы нешік, ол маған 200 ешкі, екі гектар жер бергізді. «Қой бақтым — қоңырау тақтым, ешкі бақтым – еңіреп бақтым» демекші, сөйтіп, фермерлікті бастап кеттім. Ешкі маған құт болды. Екі жылда көбейіп, бес жүзге жетті. Денсаулығым да жөнге келді. Содан ойландым. Ата-бабамның кәсібі төрт түлік мал ғой. «Мал баққанға бітеді» демей ме?. Өзімнің мамандығым да – мал маманы. «Сиыр бақтым, сидаң қақтым, түйе бақтым, түйме тақтым, жылқы бақтым, жорғалаттым» дегендей, қазір қожалығымда төрт түліктің барлық түрін өсіремін, жағдай жақсы, «жорғалатып» жүріп жатқан жайым бар. Шүкір, бұл қызметім халыққа да, мемлекетімізге де пайдасын тигізіп келеді».

Комментарии закрыты.