Қымбатты сәтбаевтықтар! Құрметті жерлестер!

Сіздерді көк­темнің керемет мерекесі – Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!

Біз әрқашанда еліміздің, жеріміздің тарихы­мен, атаулы күн­­дерімен байланысты мерекелерді үлкен құлшыныспен және қуанышпен кеңінен атап өтеміз. Дегенмен де, шығыс күнтізбесі бойынша жылдың басы болып саналатын Наурыз мейрамын ерекше тойлаймыз. Себебі, бұл – ең жарқын, ең ізгі ниет пен мейірімділіктің, жаңару мен жаңғырудың мерекесі.

Тәуелсіздік жылдарында Наурыз мейрамы адамдардың рухани тазаруына, қоғамда бейбітшілік пен ынтымақтастықтың нығаюына ықпал ететін жалпыұлттық сүйікті мерекеге айналды. Бұл мереке көп ұлтты елімізді мекендеген барлық халықтың бәріне бірдей қымбат.

20160318-01-01

Тәуелсіздігіміздің 25 жылды­ғын­да біздің алдымызда қаламыздың экономикасын нығайтатын және оның тұрғындарының әл-аухатын жақсартатын бірнеше жобаларды жүзеге асыру міндеті тұр. Осы жоспарларымыздың орындалуы қоғамдағы бірлік пен татулыққа тікелей байланысты. «Жұмыла көтерге жүк жеңіл» демекші, ауызбіршіліктің арқасында ғана қаламызды көркейте аламыз.

Құрметті жерлестер!

Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, әр істе сәттілік, мейірім мен келісім, байлық пен молшылық, жемісті еңбек тілейміз.

Наурыз әр үйге шаттық пен бақыт, көктемдей шуақ әкелсін!

Сәтбаев қаласының әкімі А.А.Ыдырысов. Қалалық мәслихаттың хатшысы Т.И.Хмилярчук.

Комментарии закрыты.