Жыр болған жол

Ш.Уәлиханов көшесінің тұрғындары жақында редакцияға қоңырау шалып, көшеге асфальт төсеу мәселесінің бірнеше жылдан бері шешімін таппай отырғандығын айтып шағымданған болатын.

«Қазақауылдағы» бірнеше көшенің тұрғындарын мазалап жүрген жол мәселесі жыр болғалы қашан?!

Тұрғындардың шағымын ескеріп, аталған көшеге барғанымызда жауын-шашыннан кейінгі көрінісі мынадай екен (суретте). Батпақты кешіп жүрген тұрғындар тым құрығанда көшені тегістеп, тас төсеп берулерін өтінуде.

– Бұл көшенің батпағын сылтауратып жедел жәрдем, таксилер де келмейді. Балаларымыз бірнеше мәрте батпаққа құлады. Оның үстіне жолды жылда қазады да тегістемей тастап кетеді.

Көшені асфальттауға қаржы жетпесе, ең болмаса қазған жерлерін тегістеп, тас төсеп беруге жергілікті әкімдік ықпал етсе, – дейді тұрғындар.

Көпшіліктің бұл базынасын жауаптылар ескерусіз қалдырмайды деп сенеміз.

Комментарии закрыты.