«Тіл шебері» сайысы

Үш тұғырлы тіл саясатын дамыту, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарға қолдау көрсету мақсатында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен биыл екінші мәрте «Тіл шебері» қалалық байқауы өтті.

Он сегіз бен отыз жас аралығындағы жастар қатысқан байқау төрт кезеңнен тұрды. Бірінші – «Ұлттаным» кезеңінде қатысушылар қазақ халқының тарихын және ұлы тұлғалары мен қайраткерлері турасында қойылған сұрақтарға жауап берсе, екінші – «Мәдениеттаным» кезеңінде әдет-ғұрып, салт-дәстүр тұрғысындағы сауалдарға орыс тілінде жауап берді. «Елтаным» кезеңінде қазақ жері мен оның ұлан-байтақ аумағы жөніндегі тапсырманы ағылшын тілінде орындады. «Өнертаным» шығармашылық кезеңінде үміткерлер өнерлерін ортаға салды.

Бөлімнің бас маманы М.Игенберлинаның айтуынша, бұл байқауға қатысуға ниет білдіргендердің қатары биыл өсе түскен.

Үш тілді жетік меңгергендер арасында байқаудың ІІІ орнының жүлдесін Гүлдана Өтепбаева мен Нұрқиса Құлашева өзара бөліссе, ІІ орынды Меруерт Әбішева жеңіп алды. Ал, «Тіл шебері» атағын Әсем Оразбекова иеленді.

Комментарии закрыты.