Торқалы тоқсан төрінде

20160408-02-1Қаланың Құрметті азаматы, КСРО-ның Құрметті кеншісі, Ұлы Отан соғысының ардагері, қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Шермұханбет Байбосынов екінші сәуір күні тоқсан жасқа толды.

Есімі қалаға танымал қарттың тоқсан жас мерейтойлық қуа­нышына қала әкімі Асқар Ыдырысов, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-нің Жезқазған аймағы бойынша әлеуметтік-еңбек қаты­настары басқармасының басшысы Тоғызбай Тәжбенов, қалалық мәслихаттың хатшысы Татьяна Хмилярчук ортақтасып, арнайы құттықтады.

Асқар Абылайұлы ардагерге Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасын тапсырды. Қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсене атсалысып, жас ұрпақты патриоттық тұрғыда тәрбиелеудегі үлесі үшін алғысын білдірген А.Ыдырысов, тоқсанның төріне шыққан ақсақалдың иығына қазақы дәстүрге сай шапан жауып, сый-сияпатын ұсынды.

«Қазақмыс» корпорациясы басшыларының ыстық ықыласын жеткізген Т.Тәжбенов ардагер кеншінің кен өндірісі саласындағы еңбегінің қандай құрметке болса да лайық екенін айта келе, басшылық атынан Алғыс хат пен сыйлығын тапсырды.

Елдің амандығын, бола­шағымыздың жарқын болуын тілеген Шер-ағаң мерейтойда құрмет пен ізет білдіріп жатқан қонақтарға аталық ақ батасын берді.

Комментарии закрыты.