Сақтансаң сау боласың

20160415-12-1Туберкулезбен күрес бүгінгі қоғамның басты мәселесіне айналып отыр. Осы мақсатта мектептерде де ауқымды шаралар ұйымдастырылуда. Сондай бір іс шара №5 жалпы білім беретін мектепте де болып өтті.

Оған туберкулезге қар­сы диспансер емха­на­сының дәрігер фтизиатры, медбибілер және оқушылар қатысты. Оны ұйымдастыруға мектеп медбибісі А.Балтабаева мен мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары А.Баисова ықпал етті.

Кездесуде тубдиспансер емханасының фтизиатр дәрігері Ақмарал Қосакова оқушыларға келелі кеңестер берді. Аурудың белгілері, анықтау әдістері, одан жазылу үшін және кеселді жұқтырмау үшін не істеу керек екенін түсіндірді.

Өз тілшіміз.

Комментарии закрыты.