Кітапхана және оқушы

20160415-12-2Оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында №7 жалпы білім беретін мектептің кітапханасында балаларды жүйелі түрде көркем әдебиет оқуға тартуда біршама жұмыстар атқарылуда.

Осындай іс-шаралардың бірі – 5 «а»сынып оқушыларының қатысуымен өткен «Баланы әдеби кітап оқуға және кітапханаға баулу» атты әңгіме сағаты. Шара барысында кітапхананың үздік, тұрақты оқырмандары Зарина Мұстафина, Мәншүк Қасенова, Нұржас Жәдігер, Дарын Саринов сияқты оқушылар оқыған кітаптарының қысқаша мазмұнын айтып, өз ойларын ортаға салды.

С.Сүтемгенова, мектеп кітапханашысы.

Комментарии закрыты.