Айшықты шараларға толы апталық

20160415-12-3Жыл сайын сәуір айында Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында балалар кітабының апталығы өткізіліп тұрады. Биылғы апталық педагог – ағартушы, жазушы Ыбырай Алтынсаринның 175 жылдығына арналған іс-шарамен ашылды.

«Ыбырай Алтынсарин – шағын әңгіме шебері» атты шарада кітапхана оқырмандары жазушының шығармаларын көпшілік назарына ұсынды. Мәселен, Айтан Дархан «Кел, балалар, оқылық!», «Бұл кім?» өлеңін мәнерімен жатқа айтса, «Балқожа Бидің баласына жазған хаты» өлеңін Азамат Найзабай нақышына келтіре орындады. Ал, оқырмандар М.Рахымжан, А.Бахыт, Ж. Әсетулла, Б.Сағындық, Д.Жаманов жазушы қаламынан туған әңгімелердің мазмұнын айтып берді.

Апталықтың жалғасы балалар ақыны Қастек Баянбайдың 80 жыл толуына орай шығармаларын талдап, өлеңдерін мәнерлеп оқумен жалғасты. Онда ақынның таңдаулы өлеңдері мен ертегілері оқылып, талданды.

Кітапханашы Ә.Советқызы Қ.Баянбайдың кітаптарын а шолу жасады.

Апталықтың соңы балалар ақыны Агния Бартоның туылғанына 110 жыл толуына орай, «Мы любим стихи Агнии Барто» шарасымен түйінделді.

Жалпы, апталықтың басты мақсаты – оқырмандарды ақын- жазушылардың өмірбаяны және шығармаларымен таныстыру, кітаптарын насихаттау. Сол арқылы балаларды кітап оқуға баулу.

Апталық барысында балалар «Жазушы өмірбаянының білімгері» атты викторинаға атсалысып, білімдерін шыңдады. Кітапхана ұжымы апталыққа белсене қатысқан №1 және №19 мектептердің 3-5 сынып оқушыларына алғысын білдіреді.

Ф.Дүзбаева, кітапханашы.

Комментарии закрыты.