«Зияткерден» жүлде

20160422-12-1Қаламыздағы Оқушылар сарайының қоржыны тағы да қомақты жүлдемен толықты. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің Қосымша Білім беру әдістемелік орталығының «Зияткер» ғылыми-танымдық сайтының ұйымдастыруымен республикалық қашықтықтан өткізілген сайыста екі тәрбиеленушіміз олжалы оралды.

Жалпы Оқушылар сарайының шәкірттері республикалық деңгейдегі мұндай сайыстарға үздіксіз қатысып келеді. Нәтижелері де жаман емес. Мәселен, наурыз айында ұйымдастырылған «Әлемді тербеткен Ана» атты сайысқа «Алтын ине» үйірмесінің тәрбиеленушісі А.Жұмағұл қатысып, жүлделі бірінші орынды иемденді. Ал, оның жетекшісі Ж.Бакирова Алғыс хатпен марапатталды.

Сондай-ақ, Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Төрлет, Наурыз» атты Республикалық сайысқа «Моншақ тоқу» үйірмесінің тәрбиеленушісі А.Нұртай қатысып, өзінің шығармашылық жұмысын ұсынған еді. Ол да жүлделі бірінші орынмен, ал жетекшісі Н.Бейсенбекова республикалық Қосымша Білім беру орталығының арнайы Алғыс хатымен марапатталды.

Э. Байсадыкова, «Көркем қолданбалы-экология» бөлімінің меңгерушісі.

Комментарии закрыты.