Жетінші мектептің жеңімпаздары

20160422-12-2Оқушылар арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай қалалық «Алау» әскери-спорттық сайыста сапта жүру және ән айту сайысы өтті.

Бұл сайысқа мектебіміздің 7 «А» сынып оқушылары қатысты. Сапта жүру және ән айту кезеңі бойынша «Үздік топ басшысы» номинациясымен 7 «А» сынып оқушысы Абсамат Ақбота марапатталды. «Үздік ән» номинациясымен сапта жүру және ән айту кезеңі бойынша мектебіміз жүлделі І орынды иеленді. Ұлдар арасында сапта жүріп ән айтудан І орынды 7 «А» сынып оқушысы Рүстем Азамат жеңіп алса, қыздар арасында 8 «Б» сынып оқушысы Әлімхан Ақниет І орынды иеленді. Қала мектептері арасында мектебіміздің намысын қорғап, оқушыларды шыңдап, осындай жоғары жетістікке жетуге өз үлесін қосқан – алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі М. Ондыбаев. Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде, өз Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелуде Мұрат Саламатұлының еңбегі бар.

Т. Күзембаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Комментарии закрыты.