Қадірлі сәтбаевтықтар! Қымбатты жерлестер! Уважаемые сатпаевцы! Дорогие земляки!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Поздравляем вас с праздником – Днем единства народа Казахстана!

Шынайы татулықтың, бауырластық пен ымырабіршіліктің нышанына айналған бұл мерекенің көпұлтты халқымыз үшін маңызы зор. Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлігімізді сақтау – мемлекеттік саясатымыздың ең басты басым бағыты болып табылады.

Бүгінгі әлемде орын алып отырған ұлттар мен ұлыстар арасындағы қақтығыстардың ауыр салдары орны толмас өкініштерге әкеп соқтыруда. Сондықтан да біздер, тәуелсіздік жылдары қол жеткізген баға жетпес қазынамыз – бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді көздің қарашығындай сақтап, оны қадірлеуге тиіспіз. Біз бүгінгі таңда әлеуеті мықты, экономикасы дамыған және қуатты мемлекетте өмір сүрудеміз. Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан барлық қазақстандықтар ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп, өз балаларының жарқын болашағын қамтамасыз етуде. Дамудың жаңа даңғыл жолына түскен Қазақстанның іргесі берік, болашағы жарқын боларына біз үлкен сенім артамыз.

Өзіндік даму тарихы бар Кеншілер қаласы осы жылдардың ішінде әр түрлі ұлт өкілдерінің қажырлы еңбегімен бой көтерді. Бүгінде әр тұрғынның бойында мақтаныш сезімін ұялататын Сәтбаев қаласындағы көпұлтты тұрғындардың достығын қадірлеп, дәстүрлерін бағалау-баршамызға артылып отырған ортақ міндет. Сондықтан да бірлігімізді бекемдеп, туған жеріміз бен ел тарихының дамуына әркім өз үлесін қоса бермек.

Шуақты мереке күні сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Елдігіміз еңселі, мемлекеттігіміз мәңгі болсын!

Этот праздник давно уже стал доброй традицией нашего народа, символизируя собой подлинную дружбу, братство и единство казахстанцев. Сохранение межнационального и межрелигиозного согласия является одним из главных приоритетов политики Казахстана.

Мир полон примеров катастрофических последствий межнациональной и межконфессиональной розни. Поэтому мир и согласие – это наше общее достояние, которое мы должны беречь. День единства народа должен напоминать каждому, что при всех отличиях мы – один народ. Мы живем в сильном, динамично развивающемся государстве, поэтому уверены в нерушимости нашего единства, успешном будущем своей страны. Только трудясь и созидая, мы вместе сможем добиться лучшей жизни для наших детей, проложить дорогу к новым горизонтам развития.

Наш город имеет особую историю. Он построен силой рук людей разных национальностей. Мы гордимся своим городом, своими традициями, своими людьми и дорожим дружбой всех жителей многонационального Сатпаева. Только вместе мы сможем вписать новые славные страницы в летопись родной земли, обогатить историю страны.

В день, символизирующий солидарность и дружбу всех людей желаем весеннего тепла, побольше ярких идей и творческих успехов во всех начинаниях, здоровья, счастья, любви и благополучия.

Мира и процветания каждому дому.

Сәтбаев қаласының әкімі А.А.Ыдырысов. Қалалық мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчук.

Аким города Сатпаев А.А.Идрисов. Секретарь городского маслихата Т.И.Хмилярчук.

Комментарии закрыты.