Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл тарландары! Қадірлі сәтбаевтықтар!

Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71-жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!

Жеңіс күні — бұл біздің даңқымыз бен мақтанышымыз, зердеміз бен зарымыз. Себебі, соғыс ауыртпалығы түспеген отбасы, ауыл, қалашық пен қала жоқ. Ондаған мың отандасымыз өз еркімен майданға аттанып, Берлинге дейін барды. Осы Ұлы Жеңіс үшін, теңдесі жоқ ерлігі мен жанқиярлығы үшін біз ардагерлер алдында борыштымыз. Олар жасаған ерлік Отан қорғаушылардың бірнеше буынына үлгі болады.

Біз Ұлы Жеңісті жақындатуда майданның тылдағы тірегі болғандардың ерлікке пара-пар еңбегін де ешқашан ұмытпаймыз. Олар қару-жарақпен, азық-түлікпен, құрал-сайманмен, киім-кешекпен жабдықтауда қолдан келген барлық мүмкіндікті жасады.

20160506-01-1

Майдан даласында ерлікпен опат болғандарды, өмірден ерте озғандарды біз ешқашан ұмытпаймыз. Олардың есімі біздің жүрегімізде және келер ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталады.

Сәтбаевтықтардың бүгінгі буыны ардагерлерін үнемі мақтан тұтатындығына, оларға құрмет пен қамқорлық көрсететіндігіне сенімдіміз.

Ұлы Отан соғысының көзі тірі куәгерлеріне сергек рух, өмірлік күш-қуат пен көтеріңкі көңіл тілейміз. Ұзақ жасаңыздар, шөбере-шөпшек сүйіңіздер, парасат-пайымды жастармен бөлісіңіздер. Денсаулық мықты, аспанымыз ашық болсын! Майдан даласында опат болған жауынгерлердің даңқы арта берсін!

Соғыс ардагері мен тыл тарланына бас иеміз!

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Сәтбаев қаласының әкімі А.Ыдырысов. Қалалық мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук.

Комментарии закрыты.