Шектеудің тиімділігі неде?

Республикалық БАҚ өкілдеріне берген бір сұхбатында Қазақстан Республикасы Үкіметі премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева «гаджеттерге» қатысты өз ойын ортаға салған еді. Оның айтуынша, мемлекеттік мекемелердің бірінші басшыларынан бастап, қатардағы қызметкерлеріне дейін қымбат телефондарын тастап, қарапайым құралға көшуі қажет.

«Бұйрық – мемлекеттік құпия және ұлттық қауіпсіздігімізге қатысты ақ­параттармен жұмыс іс­тейтін мемлекеттік аппарат, қызметкерлердің бар­лығына да қатысты. Тек, тілшілерге ғана көп функциялы қалта телефондарын қолдануға рұқсат етіледі. Еліміздің «БАҚ туралы» заңына сәйкес, ақпарат құралдары өкілдеріне мұн­дай шектеу қоя алмаймыз. Тәртіпке бағынбағандар қолданыстағы заңға сәй­кес жазаға тартылатын болады», – деді Дариға Нұрсұлтанқызы.

Мемлекеттік қауіп­сіз­дік, қорғаныс саласы маман­дарының көксан­дықтағы уә­жіне құлақ асар болсақ, шектеу орынды қолға алынған. Әсіресе, әлемді жайлаған ақпарат майданда ұлттық қауіпсіздігімізді, мемлекеттік құпиямызды жаһанға жария қылмау ерекше маңызды. Қазіргі таңда, әлемдік державалар да осы пікірді ұстанған. Мәселен, Қытай мемлекеті өз әскери қызметкерлеріне заманауи смартфондарды ұстауға шектеу қоймақ ниетте. «GPS» навигациялық жүйесі, бейнекамера мен мәліметтерді сымсыз жолдау құрылғылары әскери қызметкерлердің қауіп­­сіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Мұның үстіне, әскерилердің жаттығу полигондары мен жатын казармалары, әскери құрылғыларды суретке түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялауы қор­­ғаныс саласының әл­сіз тұстарын әшкерелеуі ықтимал. Сондай-ақ, әскери құпия күштердің орналасқан жерлерін жариялау қаупі артады.

Дәл осындай шектеудің Ресейде де қолданылып жатқанын айта кеткен жөн. Тек, көршімізде «iPhone» ғана ұстауға болмайды. Ресейліктердің айтуына қа­рағанда, аталған қалта телефоны тұтынушылардың мәліметтерін тұтасымен кө­шіріп алады. Мұнда да, ұлттық қауіпсіздік мәселесі – шектеуге арқау болған.

Комментарии закрыты.