Шынайы махаббат

Үйге келгенімде жұбайым кешкі ас дайындап жатқан. «Маңызды нәрсе айтуым керек» дедім. Қасыма отырды. Жүрегі ауыратынын түсініп тұрмын, бірақ қанша қиын болса да айтуым керек: «Ажырасайық!». Ол ашуланбады, қарсы сөз де айтпады. Тек себебін сұрады. Жарытып жауап бере алмадым…

Ол түнімен жылап шықты. Бірге өткізген 10 жылдан соң ажырасу қиын болатыны түсінікті. Оның алдында өзімді кінәлі сезінгендіктен, оған көлік, үй, компаниямның 30% үлесін беретінімді рәсімдейтін келісім-шарт дайындап қойғанмын. Бірақ, ол оған бір қарады да, жыртып тастады. Оның маған жұмсаған уақыт пен күш-жігеріне жаным ашыды. Бірақ, жүрекке әмір жүрмейді, қазір басқаны жақсы көремін.

Келесі күні үйге кеш келдім. Әйелім бірдеңе жазып отыр екен. Ертеңіне маған өз шартын ұсынды. Оған ештеңе керек емес екен. Тек ажырасатынымызды 1 айға дейін жасырын ұстауды өтінді. Осы уақыт ішінде бақытты отбасына ұқсап өмір сүруді сұрады. Бұған себеп жалғыз ұл 1 айдан кейін университетке түсетіндіктен, емтихан кезінде отбасылық мәселе оған кедергі болмасын деген ниет екен. Келістім.

Бір ай да өтті. Үйге соңғы рет соқтым. Әйелім төсекте сұлық жатыр екен. Қасына бардым, тіршілік белгісі байқалмайды. «Жедел жәрдем» шақырдым. Дәрігерден әйелімнің біраздан обыр ауруымен ауырғанын және содан қайтыс болғанын естідім. Мен «жас иістің» желігімен жүргенде, ол өмірінде санаулы күндер қалса да, ұлымыздың алдында мені анасын тастап кеткен жаман әке ретінде көрсетпеуге тырысыпты. Ең болмағанда ұлымыздың есінде менің жақсы әке, жақсы жұбай болып қалуымды қалапты.

P.S. Қасымыздағы адамның қадірін жоғалтқанда ғана түсінбей, барында бағалай білейік.

Комментарии закрыты.