«Мәңгілік полк» – Астана көшелерінде

Ұлы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеу аясында Астанада «Мәңгілік полк» ауқымды акциясы өтіп, оған қала тұрғындары атсалысты.

Шараға Ұлы Жеңісті ұлықтаған, аталарының жанқиярлық ерлігін қастерлеген жамиғат жаппай қатысты. Олардың арасында отбасы мүшелерін, бала-шағасын ертіп келгендер де мол болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 5000-ға жуық адам «Astana mall» сауда, ойын-сауық орталығынан бастап Тәуелсіздік даңғылымен «Отан қорғаушылар» монументіне дейін барлығы 1,8 шақырым қашықтықты жүріп өтті. Олар қолына Ұлы Отан соғысында қаза тапқан аталарының бейнесін ұстап, соғыс жылдарындағы әндерді шырқады.

Одан кейін «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды.

Комментарии закрыты.