Мереке алдындағы мерей

20160513-02-029 мамыр – Жеңіс мерекесі қарсаңында қала әкімі Асқар Ыдырысов «Наурыз» мейрамханасында қаламыздағы бір топ соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне дастархан жайып, құрмет көрсетті.

– Биылғы жыл еліміз үшін мерейлі белестер мен мерекелі тойлардың тоғысқан кезеңіне айналғалы отыр. Соның ішінде еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі – Ұлы Жеңіс мерекесін айтуға болады. Бүгінгі шарамызда соғыс жылдары еңбекке ерте араласып, еліміздің өркендеуі мен жас ұрпақтың жарқын болашағы үшін қызмет еткен ардагерлерімізді мерекелерімен құттықтап, сый-құрметімізді көрсетсек дейміз, – деді Асқар Абылайұлы өз сөзінде.

Мерекелік дастархан басында сондай-ақ, қалалық мәслихаттың хатшысы Т.Хмилярчук, «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігінің техникалық директоры Б.Қиянбеков және басқалары сөз алып, жеңіс сарбаздары мен тыл ардагерлеріне өздерінің ақжарма тілектерін жеткізді.

Шара барысында соғыс ардагерлері Ш.Байбосынов, Д.Федотов, Ә.Аманжолов қала әкімі мен әкім аппаратының қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Ал, қала басшысы А.Ыдырысов ардагерлерге Алғыс хат пен ескерткіш сыйлықтар табыс етті.

Мереке алдындағы мерей қаланың өнерпаз жастарының ән шашуымен астасып жатты.

Комментарии закрыты.