Бірінші тоқсан белесі…

Оған Шынболат Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында өткен алқалы жиында куә болдық. Бұл жолғы басқосуға «Қазақмыс» құрылымындағы өзгеріске орай кен өндірісі кешеніне қарасты қарт Қарағанды қапталы мен байырғы Балқаш бойындағы кәсіпорын өкілдері де қатысты.

20160520-04-1

Қысқасы, шыңырауды шабытты еңбек күйіне бөлеген кеншілер қауымына құрмет көрсетілді, сый-сияпат жасалды. Әннен шашу шашылды.

— Біздің күнделікті күш-жігер ортақ мақсат-мүддеге жұмылдырылған, ол — қала тұрғындарының тұрмысы мен әл-ауқатын одан әрі жақсарту. Биыл бірінші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму рейтингінде кеншілер қаласы облыста үшінші орынды иеленді. Осы қол жеткен толағай табыста кеншілер қауымының қомақты үлесі бар.

Жылдың алғашқы үш айында өнеркәсіптік өндіріс индексі ақшаға шаққанда өткен жылдың сәйкес мерзіміндегіден 3,6 есе артты. «Қазақмыс Мейтенанс Сервисиз», «Рудсервис К», «Надежность и долговечность» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Казцентрналадка» кәсіпорны тәп-тәуір көрсеткішке жетті.

Кен өндірісі кешенінің қала экономикасында алатын орны орасан. Сонымен қатар қала қазынасына салық түрінде қыруар қаражат құйып келеді. Кеншілер — қала тірегі десек қателеспейміз. Кеніштер — өндірісті өркендету өрісі, экономиканы инновациялық дамытудың өзегі. Бүгін біз осы сындарлы салада жоғары көрсеткішке жеткен жеке өндіріс өрендері мен ұжымдарға құрмет көрсетуге жиналып отырмыз, — деді алғашқы болып сөз алған қала әкімі Асқар Ыдырысов.

Сосын жоғары өндірістік көрсеткішке жетумен қатар, қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысқан Оңтүстік Жезқазған кенішінің бұрғышысы Дархан Алмаховқа, Шығыс Жезқазған кенішінің аға энергетигі Рамиль Бадретиновке, кен жабдығы жүргізушісі Ғалым Мәсенов пен проходкашысы Казис Вилимавичуске, «Жомарт» кенішінің төбе бекітушісі Асқар Әбілдин мен бұрғышысы Жасұлан Бимағанбетовке, Солтүстік Жезқазған кенішінің экскаваторшысы Александр Таджибаев пен аға механигі Сергей Бреховке, электр жабдықтарына сервистік қызмет көрсететін энергетика басқармасының электр-слесары Іскендір Мырзатаевқа Құрмет грамотасы мен ақшалай сыйақы тапсырды.

«Қазақмыс» корпорациясы кен өндірісі кешенінің бас директоры Саят Бәкіров пен «Нұр Отан» партиясының корпорация қасындағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Шыңғысов «Өз кәсібінің үздігі» атанған бір топ мамандық майталманын марапаттады. Олар: Шығыс Жезқазған кенішінен — №57 шахта бұрғышысы Нұржан Жұмабеков, №55 шахта тиеу-тасымалдау жабдығының жүргізушісі Нұрдәулет Мағзұмов пен электр-слесары Махмұт Махамбетов, техникалық және инвестициялық жоспарлау бөлімінің бастығы Ренат Софинов, «Нұрқазған» кенішінен — бұрғышы Азамат Тәшенов пен дәнекерлеуші Ерболды Давид, Оңтүстік Жезқазған кенішінен — №67 шахта бұрғышысы Қыдырбек Қожахметов пен проходкашысы Досбол Аппазов, тиеу-тасымалдау жабдығының жүргізушісі Думан Смағұлов пен мөлшерлеушісі Ардақ Күтінов, №65«бас» шахта дәрі аттырушысы Елдос Бірмағанбетов, «Саяқ» кенішінен — проходкашы Марат Өмірбеков пен бұрғышы Несіпхан Мәдіғалиев, «Шатыркөл» кенішінен — дәрі аттырушы Виталий Камедин мен маркшейдер Ирина Дьяченко, «Қосмұрын-Ақбастау» кенішінен — экскаваторшы Сайран Байжанов пен тиеу-тасымалдау жабдығының жүргізушісі Талапкер Ақбиев, «Жомарт» кенішінің бас механигі Еркеғали Сәденов, Қарсақбай металлургия зауытының слесарь-сантехнигі Асылбек Арынов, «Шлакоотвал» цехының электр-монтері Ерасыл Сейітбеков, кен өндірісі кешені бұрғылау-аттыру жұмыстары бөлімінің бастығы Серік Арыстанбеков, аймақтық бірегей қойма шаруашылығының жүкшісі Виктор Шваб (Жезқазған) пен слесары Елеусіз Тұрлин (Қарағанды).

— Бірінші тоқсанның қо­рытындысы қаралатын жиын­да үздік өндірісшілер мен тәжірибелі тарландарды, қайратты кеншілерді көр­геніме қуаныштымын. Тиім­ді еңбек пен кәсіпке адалдық арқасында өндірістік жоспар ойдағыдай орындалды, қауіпсіздік техникасы жөніндегі көрсеткіш жақсарды, жалпы компания басшылығы алға қойған барлық тапсырма толық жүзеге асты. Сіздерге сол үшін алғыс айтамын!

Жезқазған, Балқаш және Қарағанды аймағындағы бар­лық кеніш біріктірілгенін білесіздер. Жылдың алғашқы үш айында 7 миллион 125 689 тонна кен өндірілді. Әсіресе, Оңтүстік Жезқазған, «Шатыркөл», «Ақбастау-Құс­мұрын», «Нұрқазған» ке­ніш­­тері ұжымының еселі еңбегін ерекше атаған абзал. Еңбекті ұтымды ұйымдастыру және тиімді жұмыс істеу арқасында кен өндірісі кешені корпорацияның жетекші құрылымдық бөлімшесіне айналды.

Алда ауқымды шаруа тұр. Мамырда Қарағанды жағында «Абыз» жерасты кеніші қатарға қосылды. Шілдеде Жыланды жүлгесіндегі «Шығыс Сарыоба» шахтасын пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Ал, тамызда елдің шығысындағы Белоусовск кеніші өз жұмысын бастайды. Жұмыс ауқымы осылайша ұлғаяды.

Бірақ, біз атқарылатын жұ­мыстың сапасын естен шығармауға тиіспіз. Корпо­ра­циядағы барлық өндірістік кешеннің қозғаушы күші ретінде кеншілерге жоғары жауапкершілік жүктеледі. Кен байыту мен металлуриялық буындардағы жүйелі жұмыс, жалпы дайын өнімнің сапасы біздің қандай шикізат шығарғанымызға тікелей байланысты. Осыны әрқашан есте ұстайық, – деді тоқсандағы тірліктің тоқетеріне тоқтаған кен өндірісі кешенінің бас директоры Саят Бәкіров.

Кеншілер қауымына қауіп­сіз еңбек пен сәттілік тілеген «КәсіпҚазақмыс» са­лалық кәсіподағы Жезқазған филиалының төрағасы Ерболат Сатыбалдин Шығыс Жезқазған кеніші №55 шахтасының проходкашысы Асылбек Қойлыбайға, Сол­түстік Жезқазған кеніші «Ақши-Спасский» карьерінің белазшысы Қайрат Хамзинге, «Жомарт» кенішінің тиеу-тасымалдау жабдығының жүргізушісі Ербол Бектасовқа, электр жабдықтарына сервистік қызмет көрсететін энергетика басқармасының электр-слесары Амандық Әденовке лайықты сый-сияпат жасады.

Бұл бір сыйлық жауған күн болды. Тоқсанды таразы­лағанда топ жарған жеке адам да, тұтас ұжым да құр қол қайтқан жоқ. Жүзден жүйрік шыққанның жұлдызы жанды, мерейі өсті. Айталық, «Нұрқазған» кенішінің №1 кен өндіру учаскесінен Тө­леген Құлашев, Оңтүстік Жез­қазған кенішінің №65«бас» шахтасындағы №7 проходкалау учаскесінен Бауыржан Өксүкбаев пен №65«бис» шахтасындағы №25 қосалқы учаскесінен Мизаметдин Нұр­ма­ғамбетов «Үздік өндірістік шебер» атанды.

Бұл жолы бригадалар ара­­­сында «Нұрқазған» кені­шін­­дегі Нұржан Аяшов, Шы­ғыс Жезқазған кенішіндегі Құн­дақ­бай Тыныбеков пен­ Бо­лат Әбеуов, Оң­түс­тік Жезқазған кенішіндегі Қайрат Жұлдызғалиев, «Жо­­­март» кенішіндегі Оразбек Қожамұратов, Электр жабдықтарына сервистік қыз­­мет көрсететін энергетика бас­­қармасындағы Сергей Мециев басқаратын жігіт­тердің бағы жанды, ауыспалы вымпел мен сыйақыға бөлінген қомақты қаржыны қанжығасына байлады.

Тура осындай марапатқа учаскеден «Шатыркөл» ке­нішіндегі Бағдат Қоңыров, «Саяқ» кенішіндегі Жандос Сма­таев, «Жомарт» кенішіндегі Жандос Сағынбаев, Шығыс Жезқазған кенішіндегі Нұрлан Нұрмағанбетов, «Нұрқазған» кенішіндегі Айдос Сүлейменов басқаратын ұжым ие болды.

Шахталар арасында Оң­түстік Жезқазған кенішіндегі Әлім Сағындық басқаратын №45 шахта ұжымының шоқ­тығы биік көрінді. Ал, екінші және үшінші орынды Шығыс Жезқазған кенішіндегі Жасұлан Байниязов басқаратын «Анненская» шахтысы мен Солтүстік Жезқазған кенішіндегі Мадияр Жұлдызғалиев басқаратын «Ақши-Спасский» карьері өзара бөлісті.

Кеніштердің көшін Талғат Шайқыбеков басқаратын Оң­түстік Жезқазған кеніші бастады. Ол ұжымға ауыспалы ту мен 300 000 теңге сыйақы тапсырылды. Екінші орынды иеленген Мұқтар Ертаев тізгінін ұстаған «Шатыркөл» кенішіне — 200 000 теңге, үшінші орындағы Қуанышбек Өмірбеков басшылық жасайтын «Саяқ» кенішіне 150 000 теңге бұйырды.

Әлібек ӘБДІРАШ.

Комментарии закрыты.