Кітапханадағы қызықты түн

Б.Бұлқышев атындағы кітапханада тұңғыш рет «Кітапхана түні-2016» зияткерлік, әлеуметтік-мәдени акциясы өткізілді.

Акцияға қатысушылардың назарына «Оқы», «Пирамида» кітап инсталляциясы мен «Жаңа кітаптар», «Мен әлемді танимын» кітап көрмелері ұсынылды.

Кітапханадағы қызықты түннің кереметін тамашалаған қонақтар акцияның «Кітапхана әлемінде», Атамекен», «Құпияға толы бөлме», «Демалыс саябағы», «Туған өлкем» сынды бөлімдерінде ел мен өлке тарихына қатысты сұрақтарға жауап беріп, білімдерін жетілдірді.

Бағдат Айтөреұлы.

Комментарии закрыты.