Сәт-сапар, түлектер!

Қымбатты мектеп түлектері!

Сіздерді шын жүректен Соң­ғы қоңырау салтанатымен құттықтаймыз!

Жазғы демалысты асыға күткен мектеп оқушылары үшін оқу жылының аяқталуы үлкен қуаныш. Әсіресе, түлектер үшін бұл мереке ерекше маңызға ие. Сіздердің алдарыңызда маман­дық таңдау, өз білімдеріңіз бен қарым-қабілеттеріңізді ел игілігіне жұмсау жолында жауапты қадам, батыл шешім жасау міндеті тұр.

Сіздердің әрқайсы­ла­ры­ңыз мектеп қабырғасында жан-­жақты және сапалы білім ал­ды­ңыздар. Ұстаздар қауымы сіздердің Тәуелсіз Қазақстанның белсенді азаматтары болуы жо­лында және қоғамдағы өз орындарыңды табу үшін аянбай еңбек етіп, білім-тәжірибелерін бой­ларыңа сіңірді. Өз жос­пар­ла­рыңды жүзеге асыруда, өмір сынақтарынан сүрінбей өтуде, мақсаттарға жету жолында ұстаздар берген тәлім-тәрбиенің берері мол болары сөзсіз. Мектеп сынағындағы бі­лім нәтижелерің Сіздердің еңбек­қорлықтарың мен талап­тарыңа, өз күштеріңе деген селкеусіз сенімге тікелей байланысты.

Ерекше ілтипатымыз бен алғысымызды ұстаздар қауы­мына жеткізгіміз келеді. Осы жылдар ішінде олар әрдайым қастарыңыздан табылып, білім мен тәрбиелерін, өз тәжірибелерін оқушыларына арнады. Бұл күн сондай-ақ ата-аналар үшін де маңызды. Сіздердің ұстаздар мен ата-аналарыңыздың үкілеген үміт­терін ақтайтындарыңызға сеніміміз зор.

Қымбатты мектеп түлектері, білім алу жолында ізденуден жалықпай, еліміздің ұлт жана­шыры, нағыз патриот­­тары болыңыздар. Барлық жоспарларың мен бастамаларың жүзеге аса берсін. Ақ жол, сіздерге, мектеп түлектері!

Сәтбаев қаласының әкімі А.А.Ыдырысов. Қалалық мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчук.

20160520-01-1

Дорогие выпускники!

От всей души поздравляем вас с праздником «Последнего звонка»!

Этот  праздник  знаменует  начало  долгожданных  каникул. Особенным  он  станет  для  выпускников  девятых  и  одиннадцатых классов школ города. Вам предстоит сделать ответственный шаг – выбрать будущую профессию, найти достойное применение  знаниям,  способностям  и  талантам.  Пусть  ваше решение будет смелым и мудрым.

Каждый из вас получил багаж знаний. Учителя сделали все для того, чтобы этот багаж помог вам занять достойное место в обществе, стать активными строителями независимого Казахстана. Применяйте их для воплощения своих планов, для преодоления  жизненных  испытаний  и  достижения  поставленных целей. Помните, что все зависит от вашего упорства, трудолюбия, желания идти вперед, веры в собственные силы. Уверены, эти качества вы, дорогие старшеклассники, проявите на выпускных экзаменах.

Особые  слова  благодарности  и  признательности  выражаем учителям. Все эти годы они были рядом: воспитывали, обучали, передавали свои знания и опыт. Этот день значим и для родителей, которые вместе с вами прошли годы школьной жизни. Уверены, вы оправдаете надежды своих наставников!

Дорогие  выпускники,  продолжайте  учиться,  обогащать свои знания, становитесь достойными гражданами,  истинными патриотами.

От души желаю вам осуществления всех планов и начинаний. В добрый путь!

Аким города Сатпаев А.А.ИДРИСОВ. Секретарь городского маслихата Т.И.ХМИЛЯРЧУК.

Комментарии закрыты.