Ұлытаудың ұланын

20160527-03-3Қазақтың көрнекті жазушысы, публицист,  қарт Ұлытаудың ұланы   Мұқан Иманжановтың туғанына биыл – 100 жыл. Қазақ әдебиетіне отызыншы жылдардың соңында келген М.Иманжанов проза жанрында  өзіндік стилін қалыптастырды.

Қаламгердің мұраларын кейінгі буынға насихаттап,  олардың шығармашылық дарынын анықтау мақсатында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жазушының 100 жылдығының аясында көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын өткізді.

Аталмыш байқауға Жезді кенті мен қала мектептерінен жиырмаға тарта оқушы қатысып, М.Иманжановтың «Таныс қыз», «Қыз сыны», «Дос қайғысы», «Кітап», «Алғашқы айлар», «Үй» әңгімелерінен үзінділер жатқа оқыды. Қазылар алқасы көркемсөз оқушылардың  шеберлігіне, шығарманы оқу нақышына аса мән берді.

Аймақтық  сөз шеберлерінің байқауында ІІІ орынды №4 Абай атындағы мектеп-лицейдің оқушысы Ұлжан Алдаберген мен Жезді кентіндегі №6 жалпы білім беретін орта мектептің оқушысы Алтын Тілеубергенова еншіледі. Ал, ІІ орынға №15 жалпы білім беретін орта мектептің оқушысы Ақжол Найзабаев пен №19 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектептің оқушысы Кәмила Кәуенова лайық деп танылды.

Үздік шыққан Жезді кентінің №6 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Кәусар Әбдухамитова І орынды еншілеп кетті.

Комментарии закрыты.