Қарсақбайдан жеткен сый

20160527-03-4«Нұр Отан» партиясы Сәтбаев қалалық филиалы мен қарсақбайлық дәрігер Ержан Ораз  5 жасар Валерия Григорьеваға мүгедектерге арналған арба тарту етті.

Қарсақбайдан жеткен сыйды филиал басшысы Жаңбырбай Дәрібаев, қалалық мәслихаттың депутаты Айгүл Төлендина мен  Ержан Ораз Валерияға арнайы барып, табыстады.

«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демекші, жас жігіттің мұндай қамқорлығына әуелі Валерияның анасы мен әжесі ерекше қуанып, партияның тарапынан бөлінген көңілдері үшін алғыстарын жеткізді

Ержан Кенжеғұлұлы Қар­сақ­бай кенті әкімдігінде дәрігер болып еңбек етеді.

–  Қамқорлыққа зәру, көңілдері  жарым жандарға қолұшын созу – сауапты іс. Сондай жақсылыққа көлге тамған тамшыдай болса да көмегімнің тиіп жатқанына өзім де қуаныштымын. Алдағы уақытта да қалалық филиалмен тығыз қарым-қатынаста болып, осындай қайырымдылық шараларында бой көрсету ойымда бар, – дейді жомарт жігіт.

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Валерияны қуантқан Ержанның бұл сауапты ісі  көпке үлгі боларлық.

Комментарии закрыты.