Қырық бірінші түлектерін ұшырды

Мамыр айының соңын ала барлық білім ошақтарында соңғы қоңырау соғылып, он бір жыл білім нәрімен сусындатқан түлектерін үлкен өмірге шығарып салды.

Сондай салтанатты шараның бірі – биыл 29 шәкіртін түлеткен іргелі білім ошағы №1 мектеп-гимназиясында өтті.

Мектептегі қуанышты сәттің ортасынан қала әкімі Асқар Ыдырысов та табылды.

Асқар Абылайұлы мектеп бітірушілерге, олардың ата-аналары мен ұстаздар қауымына құттықтауын жеткізді.

20160527-01-1

– Бүгінгі жас – ертеңгі елдің өсіп-өркендеуі жолында еңбек етіп, бар жігер-күшін ортақ мүдде жолында сарп ететін тұлғалар. Сендердің, нұрлы да жарқын болашақтарың тек білімде. Білімге ұмтылған адамның келешегі кемелді. Сіздер сол білімнің бастауын сүйікті мектептеріңізде алып, іргетасын қаладыңыздар. Ұстаздар берген сол білімді ақтау парыздарыңыз, – деді қала басшысы А.Ыдырысов.

Түлектерге деген ақ тілектерін қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жанар Жаманғарина, білім ошағының басшысы Ғалия Иманбаева және түлектердің алғашқы ұстаздары мен ата-аналары, сынып жетекшілері жалғастырып, сәт сапар тіледі.

Қас қағым сәтте, соңғы қоңырау соғылып, лүпіл қаққан жүректер толқи түсті. Соңғы қоңырау соғу құрметіне мектептің үздік түлектері мен Асқар Абылайұлы ие болды.

Айшықты шара түлектердің вальсімен түйінделді.

Комментарии закрыты.