Әкім тұрғындарды қабылдады

20160603-02-1Өткен жұма күні «Нұр Отан» партиясы Сәтбаев қалалық филиалының ғимаратында қала әкімі, жергілікті филиал төрағасы Асқар Ыдырысов тұрғындарды қабылдады.

Бұл күні қоғамдық қабылдауға қаланың үш тұрғыны келіп, мәселелерін жеткізіп, оларды шешу жолдарын қарастыруды сұрады.

Әуелі бас сұққан Меруерт Бесимова үй салу үшін жер бөлуге көмек сұрай келіпті. Көп балалы анаға жер учаскесін алудың жолдарын түсіндіріп, осы мәселе бойынша мамандарға хабарласуға кеңес берді.

Весовая елді мекеніндегі жатақхананың тұрғындарын көшіру жайын пысықтай келген Дулат Жаналиновқа кентті көшіру кезең-кезеңмен жүзеге асатынын айтып, келешекте жатақхананың да иелерін баспанамен қамту қаралады деді.

Мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасу жайымен қала әкімінің қабылдауына келген Жұлдыз Құрмашева қазіргі уақытта жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасымен қайта оқуға жіберілген. Жаңа мамандықты игергеннен кейін Жұлдыздың жұмысқа орналасуын жауаптыларға жүктеді.

Комментарии закрыты.