Майда шыбын мазаны қашырды

Құрметті редакция!

Біздің бесінші ықшам ауданда соңғы кездері кешкі мезгілде майда қара шыбын пайда бола бастады.

О баста, жаңбырмен түскен шығар деп ойладық. Алайда, күн жылына үдей түсті. Бәлкім, жертөлелердің сыз тартып жатқандығы болар. Мазаны қашырған майда шыбындардан қалай құтылуға болады?

5-ші ықшам ауданның тұрғындары.

 

Редакцияға қоңырау шалған тұрғындардың бұл өтінішін біз қала әкімінің орынбасары Болатбек Жақсыбаевқа жеткізіп, төмендегідей жауап алдық.

– Мұндай жағдайда ең әуелі жертөлелерді толық дәрілеп, залалсыздандыру қажет. Нақты мекен-жай бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөліміне хабарласса, дәрілеу жұмыстарына көмек беруге әзірміз.

Комментарии закрыты.