«Ұлы Дала дүбірі» көрмесі ашылды

Жуырда, Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ұлы Дала дүбірі» атты көрменің ашылу рәсімі өтті. Оған мектеп, колледждердің тарих пәні оқытушылары қатысты.

Көрмеге қатысушылар С.Қожамқұлов атындағы театрдың әртісі, мәдениет қайраткері Әбілқасым Шоманұлының жетекшілігімен Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының «Аманат» театр студиясының әртістері сахналаған «Шайқас алдындағы түн» атты Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісін бейнелейтін шағын көрінісін тамашалады.

Көрменің ашылу салтанатында сондай-ақ, тарих ғылымдарының кандидаты, қалалық мәслихаттың депутаты Хансейіт Бөлен, мұражай Ғылыми кеңесінің мүшесі, тарихшы, бизнес және көлік колледжінің оқытушысы Надежда Дисекенова, мұражай Ғылыми кеңесінің мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты, ЖезУ-дің профессоры Тұрғанбек Алланиязов, тарих магистрі Ғабдол Әуезов 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы тарихи тұрғыдан ғылыми мәлімдемелер жасады.

Тағылымы мол іс-шара барысында Амангелді Иманов жайлы деректі фильм көрсетілді.

Комментарии закрыты.