Қызықты ойын мерекеге арналды

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шараның бірі – Жезқазған кентіндегі М.Құлышова атындағы отбасы түріндегі «Балалық шақ» балалар үйінде өткен қазақша КТК ойындарының фестивалі.

Төрт отбасы «Ширату», «5- жаңалық», «Сәлемдесу» кезеңдері бойынша жақсы өнер көрсетті.

Олардың өнерін «Балалық шақ» балалар үйінің басшысы Ә.Әбенов, Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы басшысының орынбасары О.Ахметов, жеке кәсіпкер Е.Ахметова, Қазақстан КТК одағының Сәтбаев қаласы өкілдігі орыс лигасының басшысы Б.Әбен бағалады.

Сайыстың қорытындысы бойынша І орынды иеленген бірінші отбасының тәрбиеленушілерінен құралған «Айран» тобы финал кубогімен марапатталды. «Әзілқой топ» номинациясын үшінші отбасының «Бұзықтар» тобы қанжығаласа, «Әуенді топ» атағына бесінші отбасының «Рудник.кz» тобы лайық деп танылды. Төртінші отбасының «Төртіншім» тобы «Көрермендер көзайымы» номинациясы мен жеке кәсіпкер Е.Ахметованың ақшалай сыйлығын еншіледі.

Ойын барысында белсенділігімен көзге түскен Саламат Махан «Ең үздік ойыншы» номинациясы мен О.Ахметовтың ақшалай сыйлығын иеленді.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.