Жан – жақты өткен сайыс

№5 жалпы орта білім беретін мектепте кеше ғана ашылған «Балдырған» жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын қызу түрде бастап кетті.

«Қазақстан балалары-нұрлы жолмен!» атты республикалық акция шеңберінде және «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқан аясында бірнеше іс- шара өткізілді.

Солардың бірі – лагерь тәлімгері Ж.Байбатырованың ұйымдастырумен үш топтың арасында өткен «Қызу-тартыс» атты интеллектуалдық сайыс.

Сайыстың мақсаты – бүгінгі уақыт талабына сай , рухани бай, өздігінен шешім қабылдай алатын , біліммен қаруланған жеке тұлға тәрбиелеу.

Жарыстың бірінші бөлімі «Ойлан, тап!» деп аталды. Мұнда түрлі әдеби жанр кейіпкері туралы сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Ал, «Сен білесің бе?» атты бөлімде қазақтың ұлттық билерінің тарихы жайлы айтылып, орындалды. Дәл осылай қызу тартыспен «Кім жылдам?» туры өткізілді.

«Мен өмірді таңдаймын» атты тренингте қатысушылар ойларын ортаға салып, талдады, пікірлер тыңдалды.

«Жүректен – жүрекке» тренингі барысында балалар бір-біріне жақсы тілек айтып, көңіл- күй сыйлады.

Бұл сайыста оқушылар тілдерін дамытып, ойларын ұшқырлады деп ойлаймын.

А.Байгенжина, әлеуметтік педагог.

Комментарии закрыты.