Ұлы айды ұлықтаған кеш

20160610-12-2Жылдағы дәстүрге сай Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы мешіттің ұйымдастыруымен өтетін «Қош келдің, Рамазан» атты діни-сазды кеш Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында биыл да жалғасын тапты.

Рамазан айын ұлықтап, оның қадір-қасиетін ұғындыру ниетінде өткізілген кештің шымылдығын «Нұр Мүбәрак» университетінің шәкірті Темірлан Төлепбергенұлы Құран оқып ашты.

Жиналған жамиғатты қала басшысы Асқар Ыдырысов, ҚМДБ Жезқазған аймағы бойынша наиб имам, Ахмет Ишан Оразайұлы атындағы мешіттің бас имамы Мәди Тоқпанқанов ұлы айдың келуімен құттықтап, уағыз айтты.

Діни кеш одан әрі «Алғабас» жастар театрының қойылымымен және жергілікті өнерпаздардың рухани әндерімен әспеттеле түсті.

Дәурен Серікпаев, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ІІІ курс студенті.

Комментарии закрыты.