Өнер додасында топ жарды

20160610-12-1«Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында жуырда Қарағанды қаласында «Рух» халықаралық қайырымдылық фестиваль-байқауы өтті.

Бірнеше жанрды қамтыған байқауда кенді қаланың атын балалар өнер мектебінің оқушылары әйгілеп келді.

Бас партияның ұйытқы болуымен ұйымдастырылған фестивальде «Дәстүрлі ән» аталымы бойынша өнер көрсеткен Бексұлтан Қамиев бас жүлдені еншілесе, Тоғжан Тлеубаева І орынмен, Еркеназ Найзабаева ІІІ орынмен марапатталды.

Күйші-домбырашылардың қатарында Жанна Серік І орынның, Шыңғыс Зікрия ІІ орынның жүлдесіне ілікті.

Өнерлі жастардың бұл додада жүлдегерлер атануына көп үлес қосқан ұстаздарының еңбектері айрықша.

Әрісі Ресей, берісі Алматы-Астана қалаларындағы тісқаққан мамандардың сынынан мүдірмей өтіп, өнер додасында топ жарған жас өнерпаздар жүлденің қатарын әлі толықтырамыз дейді.

Райхан Оразбекова, Нұргүл Карина, Шайзат Апанова мен Құмар- ай Жақыповтың тәліміндегі бұл балалардың дүбірлі топтарда оза шабатыны даусыз.

Комментарии закрыты.