Аллеяға аялы алақан қажет

Қаланың сыртқары аймағындағы «көзден тасалау» жатқан «Жеңіс» саябағы ғана емес, қаланың нақ ортасындағы «Тәуелсіздік» атауын иеленген аллеяның да жағдайы аянышты…

Жаздың алғашқы айы аяқталуға да жақын. Алайда мұндағы судан шөлдеген қарағайлардың қаңқасы ғана қалатын түрі бар. Қазірдің өзінде олардың көбі сарғайып кеткен. Жаңбыр жиі жауып тұрған уақытта халы мүшкіл аллеяның келешектегі жағдайын болжаудың өзі қиын.

Редакциямызға хат жолдаған Тәуелсіздік даңғылы 34-ші үйдің тұрғындары осы мәселені көтеріп, табиғатқа, көшенің келбетіне деген жанайқайларын жеткізді. Олар тіпті, аллеяны суару үшін тартылған пластикалық құбырлардың өзі күнге қаңсып, «тікесінен тұрғанын» айтқан еді.

 

P.S. Жауапты мекемелер бұдан бір қорытынды шығарар. деген үміттеміз.

Комментарии закрыты.